weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
9 тамыз, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

БҚО-да Ресейге заңсыз өтпек болған шетелдіктер ұсталды

БҚО-да Ресейге заңсыз өтпек болған шетелдіктер ұсталды

БҚО-да Ресейге заңсыз өтпек болған шетелдіктер ұсталды
ашық дереккөзі
Қазақстандық шекарашылар Ресей аумағына заңсыз өтпек болған шетелдіктерді ұстады, деп newsroom.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.  ҰҚК мәліметінше, 4 тамызда БҚО-да белгіленген өткізу пункттерінен тыс жерден Ресей аумағына қарай Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге әрекет жасаған бес шетел азаматы ұсталды.  
Аталған адамдар Қазақстан Республикасына әуе жолымен турист ретінде келген. Алдын ала мәлімет бойынша олар жақсы өмір сүру жағдайын іздеп Еуроодақ елдеріне жол тартқан, - делінген мәліметте.
Ұсталғандар Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық сотының қаулысымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ел аумағынан шығарылды.
TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→