Рубль күйреуге таяды

Рубль күйреуге таяды

ашық дереккөзі

Сарапшылардың пікірінше, рубль бағамының құлауы Ресейде басталған алапат қаржылық дағдарыстың индикаторы болуы ықтимал, деп хабарлайды newsroom.kz. Солтүстік көршінің "сабан" ақшасы бірнеше айдан бері тоқтаусыз "әлсіреп" келеді. Бірақ оның құрдымға құлдырау қарқыны биылғы маусымда күрт күшейді. Егер маусым айының басында Ресейде 1 АҚШ доллары шамамен 80–81 рубль тұрса, шілде айының басында америкалық валюта 89 рублЬге дейін қымбаттап шыға келді. Ал енді, РФ ұлттық валютасының долларға шаққандағы бағамы 97 рубльге дейін құлап отыр. 100 межесіне таяп қалды. Сарапшылардың түсіндіруінше, осы сейсенбіде рублдің кезекті рет төмен құлдилауына "РФ бюджетінің тапшылығы туралы соңғы деректер ықпал етті". Маңыздысы сол, егер бұған дейін биржада РФ валютасы негізінен АҚШ валютасына есе жіберіп келсе, бұл жолы ол доллардан да, еуродан да, қытайлық юаньнан да оңбай таяқ жеді. Кеше Мәскеу биржасындағы сауда қорытындысында Америка, ұжымдық Еуропа және шың елі сияқты алпауыттар валюталарының рубльге шаққандағы бағамдары сенімді түрде өсті.  /><em>Фото: inbusiness.kz </em>

Тіпті теңге де күш алып, РФ валютасына орнын көрсетті. Мысалы, елімізде, қазақстандық KASE биржасында көршінің валютасы 4,62 теңгеге дейін құнсызданды. ҚР Ұлттық банкі РФ рублінің ресми бағамын 4,65 теңге деп бекітті. Жалпы, отандық қаржыгерлер оның 3 межесіне түсетін күні де алыс еместігін болжауда.

Мәскеу биржасы кеше Мәскеу сағатымен 19:00-де доллар бағамын 97,1 рубльмен тәмамдаған. Алайда артынша бағамы 98 межесіне төмендеуін жалғастырды. Ресейлік банктер долларды 103 рублден және одан қымбатқа сата бастады. Еуро құны 110 рубльге бет алды.

Бұл ретте нарық қатысушылары РФ қаржы министрлігінің жаңа статдеректерін және Ресей Банкінің соңғы аптадағы рублдің құнсыздану себептеріне қатысты түсініктемесін басшылыққа алды. Нәтижесінде, олар рубльдің болашағынан түңіліп, қолдарындағы құнсыз қаржыдан тезірек арылуға ұмтылған.

Өйткені РФ федералдық бюджеті биылғы қаңтар-шілдеде 2,817 триллион рубльдей тапшылыққа тап болды. Бұл ретте соңғы айда бюджеттік дефициттің көлемі жоспарланғаннан 222 миллиард рубльге асып кетті. Қаржы министрлігі биылғы жеті айда тапшылық 2,595 трлн рубльден аспайды деп жоспар құрған.

Мәскеудің пессимистік сценарийі бойынша 2023 жыл қорытындысында бюджет тапшылығы шамамен 2,9 триллион рубльді немесе ЖІӨ-нің 2%-ын құрайды деп бекітілген. Бірақ енді қаржы министрі Антон Силуанов жыл қорытындысында бұл көрсеткіш 2,5%-дан асып кетуі мүмкін деп отыр.

Өз кезегінде РФ Орталық банкі экспорттаушылар ішкі нарықта шетелдік валютаны сату көлемін кеміткенін хабарлады. Қаржылық реттеуші naiti-foto-chela.ru

"Мемлекет шынында құр қарап отырған жоқ. Тек оның рублді нығайту талаптары еш нәтиже беретін емес. Бір жағынан, ұсыныс пен сұраныс арасындағы дисбаланс салдарынан осылай болып отыр. Яғни елге келетін валюталық түсімдердің ағыны тұрақсыз, төмендеуде. Ал импорттаушылар мен тұрғындар тарапынан валютаға деген сұраныс белсенді өсіп барады. Екінші жағынан, бұл нарықтағы "маусымдық осалдықтың" әсері. Жазда шетелдік валюта бағамы әдетте өседі. Күзде, салық төлеу маусымында рубль нығаятын. Дегенмен, бүгінде рублді бағалап, болашағына сенетін ойыншылар аз. Девальвациялық серпін байқалады. Ол өзінің шырқау шегіне жақындады", – деді А.Бахтин.
РФ ұлттық валютасының жоғары қарқынмен құнсыздануы қаржыгерлерді де тығырыққа тіреді: керісінше, оның нығаюына қолдау көрсететін барлық фактор бар.  /><em>Фото: https://www.iphones.ru/</em>

РФ Орталық банкі рубльді демеу үшін монетарлық саясатын барынша қатайтты. Шілде айының соңында әлемдік нарықтарда мұнай бағасы қымбаттады. Мәскеу Үндістан, Қытай сияқты серіктестеріне мұнайды сату кезінде ұсынатын жеңілдік-дисконтты күрт азайтып, Brent пен Urals мұнай сұрыптары арасындағы алшақтық, баға спреді қысқарды. Яғни, орыс мұнайы былтырғыдан қымбатқа сатыла бастады. Санкция астындағы РФ экономикасы шыдамдылығын көрсетіп, шамалы болса да, өсімге ден қойды.

Алайда осының бәріне қарамастан, Ресей рублінің одан әрі құнсыздануы біраз жайттан хабар береді.

Әрине, тамыз соңында рубль шамалы нығаюы мүмкін: оған салық төлеу кезеңінің басталуы қосымша тірек болады. Барлық компания, соның ішінде шетелдік инвесторлар бюджетке салығын төлеу үшін рубльді сатып алуға кіріседі.

Бірақ содан соң құлдырау жалғасып, 150 межесіне дейін баруы ғажап емес.

Ресейлік
Жүктелуде...