weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
7 тамыз, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстандықтар қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға 63 млн теңге берген

Қазақстандықтар қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға 63 млн теңге берген

Қазақстандықтар қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға 63 млн теңге берген
ашық дереккөзі
Жезқазған қаласының екі тұрғыны «MetaGo» қаржы (инвестициялық) пирамидасын жарнамалады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп newsroom.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. ҚМА мәліметінше, күдікті тұлғалар «MetaGo» қаржы пирамидасының қызметі туралы ақпараттық ресурстарда (YouTube бейнехостинг сайты, Whatsapp және Telegram мессенджерлері, Facebook және Instagram әлеуметтік желілері), сондай-ақ осы қаржы пирамидасының символикасы бар киім мен плакаттарды пайдалана отырып халықпен кездесулер мен жиналыстар өткізген.
Олар 63 млн теңгеден астам сомада залал келтіріп, қаржы пирамидасының заңсыз қызметіне 80-нен астам азаматты тікелей тартқан. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 217-1-бабы - адамдар тобының қаржы пирамидасын жарнамалауы – бойынша тергеу жүргізілуде, - делінген мәліметте.
ҚМА сіз және сіздің туыстарыңыз «MetaGo» компаниясының қызметінен зардап шексе, тұрғылықты жеріңіз бойынша Экономикалық тергеу департаментіне немесе ҚМА call-орталығына хабарласуды сұрайды.
TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→