Бизнестің депозиті: қазақстандық кәсіпкерлер ақшаларын қайда салады?

Бизнестің депозиті: қазақстандық кәсіпкерлер ақшаларын қайда салады?

ашық дереккөзі

Биыл 1 маусымында заңды тұлғалардың депозиттері 13,9 трлн теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 19,2% көп. Бір қызығы, ҚР-дағы 21 ЕДБ ішінде тек 10 банк жыл сайынғы динамика бойынша өсім көрсетті, ал заңды тұлғалардың депозиттері бар банктердің ондығындағы тек 7 ЕДБ ғана оң көрсеткіште, деп хабарлайды newsroom.kz. Bereke Bank қазақстандық банктер тобына қосылып жылдық өсімнен көш бастап нарықтағы орнын қалпына келтіріп жатыр: 717,4 млрд теңгеге артып, 823,6 млрд теңгеге жетті. Небәрі бір айдың ішінде банк бизнес депозиттері портфелін тағы 23,2 млрд теңгеге ұлғайтты. Атап айтқанда, банк АҚШ доллары, еуро, юань, британ фунты және Швейцария франкы сияқты ең танымал валюталармен валюталық операцияларды жүзеге асыруға байланысты онлайн қызметтердің толық спектрін қалпына келтірді, оның ішінде валюталық бақылау туралы келісімшартты қабылдау, жеке FX-платформасында валюталық аударымдар және конверсиялық операциялар және т. б. жасауды қалпына келтірді. Осыған орай, банк бизнес-клиенттерге арналған жазғы науқанды — 3 айға тегін валюталық аударымдары бар B-Active Pro тарифтік жоспарын өткізуде.

Some Image
Бизнес депозиттерінің жылдық өсімі бойынша екінші орында ЦентрКредит банкі: 487 млрд теңгеге өсіп, 1,4 трлн теңгеге жетті. Осы кезеңде банк өзінің депозиттік портфелін ұлғайтып қана қоймай, сонымен қатар басқа қаржы институтын — ресейлік Альфа-Банкті де жұтып қойды. Альфа-Банк алдымен Eco Center Bank болып өзгеріп, кейін БЦК-ға қосылды, бұл да барлық банк көрсеткіштерінің өсуіне әсер етті. Үздік үштікті Шинхан Банк Қазақстан жапты: 366,8 млрд теңгеге өсіп, 426,8 млрд теңгеге жетті. Одан кейін Еуразиялық банк (354,9 млрд теңгеге көбейген), Halyk Bank (347,2 млрд теңгеге өскен) және Фридом Финанс Қазақстан банкі (173,2 млрд теңгеге өскен).
Some Image
Ескерту: сектордағы портфельдің жыл сайынғы өсуіне қарамастан, ҚР ЕДБ жиынтық депозиттік портфеліндегі заңды тұлғалардың депозиттерінің үлесі төмендеуде. Биыл мамырдың қорытындысы бойынша 44,5% болды, көрсеткіш бір жыл бұрын 47,9%, он жыл бұрын 62,5% болған.

Жүктелуде...