Алматыда өрт кезінде қаза тапқан адамның отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі

Алматыда өрт кезінде қаза тапқан адамның отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі

ашық дереккөзі

Алматыдағы тұрғын үйдегі өрттен бір адам қаза тапты. Осыған орай Алатау ауданы әкімдігі қаза тапқан жанның отбасына көмек көрсететінін мәлімдеді, деп newsroom.kz жазады Inbusiness.kz. сайтына сілтеме жасап.

"Ақкент" ТК өрт кезінде Алматы тұрғыны Әсел Бекмұхамбетова қаза тапты. Алатау ауданының әкімдігі қаза тапқандардың отбасына қажетті моральдық және материалдық көмек көрсетеді", — делінген әкімдік хабарламасында.
Алатау ауданы әкімдігінің мәліметінше, қаза тапқандарды жерлеу рәсімі Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қаражота ауылында өтеді. Аудан әкімдігі жерлеу рәсімін ұйымдастыруға, қаза тапқан жанның денесін тасымалдауға жәрдем көрсететін болады.

Жүктелуде...