Шаһизаданың үйінде тағы бір бала дүниеге келді

Шаһизаданың үйінде тағы бір бала дүниеге келді

ашық дереккөзі

Әнші Шаһизада Байбатжанова тыңдармандарына қуанышты жаңалығын бөлісті, деп newsroom.kz хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап. ӘНшінің отбасында төртінші немересі дүниеге келді.

Менде үлкен қуаныш, құттықтап қойсаңыздар болады. Бүгін төртінші немерем Әмір дүниеге келді. Сіздерге де жұғысты болсын, - деп жазды Шаһизада.
  Ал желі қолданушылары әншіні құттықтап тілектерін білдірді.
«Бауы берік болсын. Биіктен көрінетін иманды салиқалы азамат болсын», «Немере деген тәтті ғой», «Атына заты сай азамат болсын»,  «Құтты болсын. Ғұмырлы болсын», - деген тілектер көп жазылған.

Жүктелуде...