Ресейден Қазақстанға ақша аударымдары айтарлықтай азайған

Ресейден Қазақстанға ақша аударымдары айтарлықтай азайған

ашық дереккөзі

Биыл қаңтар–мамырда қазақстандықтар мен ел қонақтары халықаралық ақша аудару жүйелері (ААЖ) арқылы шетелге 349,2 млрд теңге жіберді, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,8% аз. Бұл туралы Ranking.kz сілтеме жасаған newsroom.kz порталы жазады.  Шетелден түскен ақша аударымдарының көлемі 137,6 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылғы қаңтар–мамырмен салыстырғанда 23% аз. 2023 жылдың мамыр айында шетелге 90 млрд теңге жөнелтілді — биылғы сәуірмен салыстырғанда 17,7% көп, бірақ 2022 жылдың мамырымен салыстырғанда 8,5% аз. 2023 жылдың мамыр айында ААЖ арқылы шетелден 28 млрд теңге түсті — биылғы сәуірмен салыстырғанда 6,5% көп, бірақ 2022 жылдың мамырымен салыстырғанда бірден 2,5 есе аз. Some Image ҚР-дан ААЖ арқылы ақша жіберілген елдердің ішінде 2023 жылдың қаңтар–мамырында Түркия 89,5 млрд теңгемен көш бастады, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 8,4% аз. Екінші орында Ресей: 89 млрд теңге — 2022 жылдың қаңтар–мамырымен салыстырғанда бірден 39,8% көп. Үздік үштікті Өзбекстан жапты: 81,5 млрд теңге — бір жыл бұрынғыдан 13% аз. Сондай-ақ айтарлықтай көлем Грузияға (36,7 млрд теңге), Қытайға (11,3 млрд теңге) және Қырғызстанға (10,8 млрд теңге) тиесілі.

Жүктелуде...