Биылғы оқу жылында Түркістан облысы бойынша мектеп бітіруші түлектер саны – 30266. Олардың 23865 оқушы (78,8 %) Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті, деп хабарлайды newsroom.kz. Ал республика бойынша 162 мың талапкер ҰБТ тапсырды. Оның ішінде: -Талапкерлердің 76,16% - ы қазақ тілінде, 24,74% - ы орыс тілінде, 0,1%-ы ағылшын тілінде тестілеуден өтті; -шекті балды 83%-ға жуық талапкер жинады; -орташа балл – 73 балл; -478 ерекше білім беру қажеттілігі бар бала қатысты; -ең жоғары балл – 137. Тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тестілеуден өту мүмкіндігінен 402 талапкер айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 312 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ. Айта кетейік, биыл 50 мыңнан астам апелляциялық өтініш қарастырылып, оның ішінде 805 өтініш қанағаттандырылды. Мемлекеттік комиссия жұмысын аяқтады, талапкерлердің сертификаттары жеке кабинетте қолжетімді. Сондай-ақ ҰБТ кезеңінде электрондық пошта, call-орталық, әлеуметтік желілер бойынша 100 мыңға жуық өтініш өңделді. Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.
Жүктелуде...