Елімізде жалға берілетін пәтер бағасы қымбаттады

Елімізде жалға берілетін пәтер бағасы қымбаттады

ашық дереккөзі

Ұлттық статистика бюросы ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2023 жылғы маусымда Қазақстанда қайталама нарықтағы пәтер бағасы 2022 жылғы маусыммен салыстырғанда 1,9%-ға, ал жаңа тұрғын үйлерді сату 5%-ға өсті, деп хабарлайды newsroom.kz. Жаңа үйлердегі пәтерлер Павлодарда (+18,1%), Ақтауда (+18%) және Семейде (+16%), қайталама нарықта – Семейде (+29,9%), Ақтөбеде (+22,4%) өсті. Жалға берілетін тұрғын үйге келетін болсақ, бір жыл ішінде оның бағасы Көкшетауда (+45,5%), Петропавлда (+41,5%), Ақтауда (+41,1%) және Алматыда (+38,8%) өскен. Маусым айында республика бойынша тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 29 880 мәміле тіркелді, оның ішінде 21 993 пәтер және 7 887 жеке тұрғын үй. Мамыр айымен салыстырғанда транзакциялар саны 16,8%-ға өсті, олардың басым бөлігі Алматы мен Астанада тіркелді. Қазақстанда көбіне екі бөлмелі пәтерлер жиі сатылады. Жалпы, жыл ішінде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 3,7%-ға қысқарды.

Жүктелуде...