Азаптау құрбандарының саны бір жылда 94 адамды құрады

Азаптау құрбандарының саны бір жылда 94 адамды құрады

ашық дереккөзі

«Азаптау» бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағандарға келсек, екі айда олардың саны 18-ге жетті (бір қызығы, былтырғы ресми статистика бойынша 4-ақ адам мұндай қылмыс жасаған). Олардың ішінде 6 Ішкі істер министрлігі мен 12 ҰҚК қызметкері бар, деп Newsroom.kz хабарлайды Ranking.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Азаптау құрбандарының саны бір жылда 63% азайып, 94 адамды құрады. Оның ішінде 75 адам ҚР азаматы, 4 адамның азаматтығы жоқ, 3 адам ТМД елдерінің азаматы, тағы 3 адам басқа елдің азаматтары. Зардап шеккендердің ішінде 2 адам 16-17 жаста, 4 адам 18–20 жаста, 32 адам 21–29 жаста, 32 адам 30–39 жаста, 37 адам 40–49 жаста, 16 адам 40–49 жаста, 2 адам 50–59 жаста және 1 адам 60 жастан асқан.

Елімізде 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Жәбірленушілерге өтемақы төлеу қоры жұмыс істейді. Қордың мақсаты — қылмыстардан материалдық зардап шеккен, бірақ қылмыстың ашылмауынан немесе қылмыскердің сот төрелігінен жасырынып қалуына байланысты келтірілген зиянның орнын толтырмаған азаматтарға қолдау көрсету.

Заңға сәйкес, мұндай қолдауды басқалармен қатар азаптаумен байланысты қылмыстардың құрбаны деп танылған адамдар алады (ҚК 146-бабы). Азаптаудан зардап шеккендерге 30 АЕК (ҚР ҚК 146-бабының 1 және 2-бөлімі бойынша) және 40 АЕК (ҚР ҚК 146-бабының 3-бөлімі бойынша) көлемінде өтемақы төленеді.

Фото: azattyq-ruhy.kz

Жүктелуде...