«Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында «Шежірелі өлкеден – рухани Темірқазыққа» атты іс-шарасы өтті

«Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында «Шежірелі өлкеден – рухани Темірқазыққа» атты іс-шарасы өтті

ашық дереккөзі

Түлкібас аудандық кітапханалар жүйесінің «Кітап Travel – 2023» «Шежірелі өлкеден – рухани Темірқазыққа» атты іс-шарасы облыстық кітапхана қорына 1000 кітап сыйға тартылды, деп Newsroom.kz хабарлайды. «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында өткізілген «Шежірелі өлкеден – рухани Темірқазыққа» атты іс-шарасы облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен өткізілді. «Түркістанға арнау» әнімен бастау алған шараға зиялы қауым өкілдері, кітапхана оқырмандары мен құрметті қонақтар қатысты. Түркістан облысы баспасөз қызметі дереккөздерінде акцияның негізгі мақсаты мен іске асыру бағыты – өңірлік кітапханалардың қызмет көрсету бағытындағы озық идеяларды анықтау, бүгінгі оқырманның сұранысын қанағаттандыру арқылы кітап оқудың жаңа тетіктерін қарастыру деп хабарланды. Өлкеден шыққан жас қаламгерлерді көпшілікке таныта отырып жігерлендіру. Осы бастама аясында облыстық кітапхананың сандық форматтағы және түпнұсқа қолжазбалар түріндегі сирек қорын көбейтуге қолдау көрсету. Облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы Жанат Шардарбекова мен Түлкібас аудандық кітапханалар жүйесінің директоры Қамар Кенжебаева, «Шұғылалы таң» қоғамдық қайырымдылық қорының басшысы Дана Орманова мен ҚР Білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин төс белгісінің иегері Айғаным Сері бүгінгі шараның маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ келген қонақтар мен оқырманды кітап оқуға және бір-біріне кітап сыйлауға шақырды. Кейіпкерлер шеруі мен жазушы Шерхан Мұртазаның «41 жылғы келіншек» әңгімесінен көрсетілген қойылым саханаға көрік берді. Іс-шара барысында облыстық кітапхана қорына 1000 кітап сыйланды. Сонымен қатар әннен шашу шашылып, көрерменге көтеріңкі күй сыйлады.

Жүктелуде...