Азаматхан Әміртай неге Тоқаевқа қатты риза болды?

Азаматхан Әміртай неге Тоқаевқа қатты риза болды?

ашық дереккөзі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жайлы пікірімен саясаткер Азаматхан Әміртай Qasqa Jol Youtube арнасында журналист Абай Сейфуллаға берген сұхбатында бөлісті, деп Newsroom.kz хабарлайды.

«Ең бастысы –  мен Қазақстанның жаңа кезеңге қадам басқанын көріп отырмын. Жақсыны жақсы, жаманды жаман деу керек. Мен оған тек риза емес, сеніп отырған адамның бірімін. Ең бастысы – сөзінде тұратын, тұрақтылығы бар адам. Әлемдегі реформаторлардың өмірін зерделедім, бәрінде үш ұқсастық бар екен. Біріншісі – олар интеллектуалды адамдар, екінші – таза саясаткерлер, үшіншісі – өз халқын жақсы көретін адамдар. Осы үшеуі де Тоқаевта бар», - дейді ол.

«Оны мұндай кезде айту керек. Қазір айғайшылар көбейіп кетті. Сайлау мажоритарлы жүйеге өтуде. Жаңа партиялар пайда болды. Диванда жатып алып айғайлау бір басқа, нақты халықпен кездесіп, әр адаммен сөйлесу оңай емес. Соны өз көзімізбен көрдік. Кім не десе де біз жаңа кезеңге көштік. Үлкен өзгерістер болады. Егер жаңа Парламентте біз болсақ осы жұмыстың бәрімен айналысамыз» , - деп айтты «Байтақ» партиясының басшысы.

Сұхбаттың толық нұсқасы:

[embed]https://www.youtube.com/watch?v=p7JAI9ypnzA&t=79s[/embed]

Жүктелуде...