Азиялық піл құтқарылды

Азиялық піл құтқарылды

ашық дереккөзі

13 наурыз күні Юньнань өлкесі Сишуанбаньнада бір азия пілі кездейсоқ шалшық шұңқырға құлап кетті, деп Newsroom.kz хабарлайды Kaz.people.cn дереккөздеріне сүйене отырып. Жағалаудағы үйірлі пілдер оны бірнеше рет құтқаруға тырысқанымен, нәтиже болмады. Шұңқырға құлаған піл барған сайын батып бара жатқанын көріп, ауылдағылар полицияға қоңырау шалды. Полиция тиісті бөлімдерге хабарласып, айналадағы адамдарды сейілтті. Құтқарушылар пілді шошытып алмау үшін, балшық шұңқырдың жанын экскаватормен көлбеу қазып, батып қалған пілді аман-есен шығарып алды. Жұртты таң қалдырғаны, қатерден құтылған піл өзін құтқарып қалған экскаваторға қарап, «мұрнын бұлғап», өз жолына түсті. «Піл өте сезімтал. Оның мұрнын бұлғағанынан бізге алғыс айтып тұрғанын сездім», - деді экскаватор жүргізушісі. Мәліметтерге сәйкес, құтқарылған піл үйірімен бірге табиғи қорыққа аман-есен оралыпты. Фото: Kaz.people.cn

Жүктелуде...