ҚМДБ биылғы пітір садақаның мөлшерін жариялады

ҚМДБ биылғы пітір садақаның мөлшерін жариялады

ашық дереккөзі

Бүкіл мұсылмандардың асыға күтетін қасиетті Рамазан айы 23-ші наурызда басталады, деп Newsroom.kz жазады.

Мұсылман жандар бір ай бойы ораза ұстайды. Ал Рамазан айында берілетін пітір-садақа мөлшерін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Елордада өткен баспасөз мәслихатында айтты. Биыл пітір 2 келі ұнның орташа бағасымен есептеленіпті.

“Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Сондықтан биыл пітір мөлшері 535 теңге болып белгіленді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады”, - деді Бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Естеріңізге сала кетсек, биыл сәуір айының 17-нен 18-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 21 сәуір – ораза айт мерекесі.

Фото: Ratel.kz

Жүктелуде...