Қытай америкалық ұйымдарға қарсы шаралар қабылдайды

Қытай америкалық ұйымдарға қарсы шаралар қабылдайды

ашық дереккөзі

Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі Ван Вэньбинь 15 ақпан күні өткен кезекті баспасөз мәслихатында «АҚШ-тың Қытай азаматтық ұшқышсыз дирижабльдері әуе кеңістігімізге басып кірді дегенді сылтау етіп, АҚШ-тың қытайлық кәсіпорындар мен мекемелерге қарсы заңсыз санкциялар салғанына» қарата, Қытай тарапы елдің егемендігі мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін тиісті америкалық ұйымдарға заң бойынша қарсы шаралар қабылдайтынын мәлімдеді, деп Newsroom.kz хабарлайды Kaz.People.Cn дереккөздеріне сүйене отырып.

Ван Вэньбинь Қытайдың азаматтық ұшқышсыз дирижабльдің АҚШ әуе кеңістігіне кіруі басқаруға болмайтын жағдайлардан туындаған кездейсоқ оқиға екендігін айтты. Бұл жағдайды Қытай мемлекеті АҚШ-қа бірнеше рет түсіндірді.

Алайда, АҚШ тарапы әскери күшін бейберекет пайдаланып, әсіре қарсылық білдіріп, жағдайды ушықтырды және оны қытайлық компаниялар мен мекемелерге қарсы заңсыз санкцияларға сылтау ретінде пайдаланды.

Қытай бұған үзілді-кесілді қарсы болып, заңға сәйкес Қытайдың егемендігі мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін АҚШ-тың тиісті ұйымдарына қарсы шаралар қолданады. Әрі ұлттық егемендікті, заңды құқықтар мен мүдделерді батыл қорғайды.

Фото: Egemen.kz

Жүктелуде...