Сұмдық! СҚО-да аңшы байқамай әйелді атып өлтірген

Сұмдық! СҚО-да аңшы байқамай әйелді атып өлтірген

ашық дереккөзі

Солтүстік Қазақстан облысында орманда жидек теріп жүрген әйел оққа ұшты. 52 жастағы тұрғынды аң аулауға шыққан азамат байқамай атып тастаған, — деп newsroom.kz хабарлайды semeytany.kz-ке сілтеме жасап.

Астана Телеарнасы мәліметінше, күдікті оқ тиген Алтынай Мұздақбаеваны ауруханаға өзі жеткізбек болған. Алайда әйел ауыр жарақат салдарынан жолда қаза болған. Болжам бойынша ер адам аң деп ойлап қалған болуы мүмкін. Күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

«Қылмыстық іс бойынша бірқатар сараптама тағайындалды. Сонымен қатар, жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Нәтижесі бойынша, күдіктінің іс-әрекетіне баға беріледі. Қылмыстық іс бойынша басқа да толық ақпарат Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабы тәртібіне сай жариялауға жатпайды», — деді Жамбыл ауданының прокуроры Талғат Төлегенов.

Фото: semeytany.kz

Жүктелуде...