Отандық теле және кинопродюсер Нұрлан Қоянбаев бір кездері "Түнгі студиядан" кетіп қалған. Ол осының себебін түсіндірді, деп newsroom.kz хабарлайды exk.kz дереккөздеріне сүйене отырып.
Әзілкеш жақында бизнес форумда өзінің өмір жолын айтып берген. Соның ішінде киноға қалай келгеніне тоқталды. Бір кездері ол "Түнгі студия" бағдарламасынан қол үзіп, кино түсіруді бастаған еді.
Жасым қырыққа келген. Бірақ алып жүрген жалақым әлі — 270 мың теңге. Рейтинг әкеліп жатырмын. Айлығымды көтересіздер ме? Өтінемін. Мені адамдар танып, суретке түсіп жатыр" деймін. "Жоқ, талап сондай. Өзгермейді" деп көтерген жоқ, — дейді Нұрлан Қоянбаев.
Ол осыдан кейін қарызға да кіріп кетіпті. Тіпті, үйінде ет алуға да ақшасы қалмаған.
Бірақ түр бермеймін. Қалтамда көк тиын жоқ. Әйелім "Ет аламыз ба, жоқ па?" деп сұрап жатыр. Үйде ет алу мәселесі сұрақ болып тұр. Жаман шаршап, жылағым келіп кетті. Әйелім менен 8 жас кіші. "Отбасыма ақша тауып бере алмаймын ба?" деп қысылдым, — дейді әзілкеш.
Сол кезде кіші қызы Нұрай банк шынысына жинап жүрген ақшасын берген. Соған ет алған екен.
Мұны естіп өкіріп жыладым. Осыдан соң, жететін шығар деп, телевидениеден кетіп қалдым. Кинода жүріп, 12 миллион доллар табыс таптым, — дейді Нұрлан Қоянбаев.
Фото: sn.kz