Нағыз Қазақ! Илон Маск Twitter-ге туыстарын жұмысқа алған

Нағыз Қазақ! Илон Маск Twitter-ге туыстарын жұмысқа алған

ашық дереккөзі

Twitter-дің жаңа иесі Илон Маск компания штатына таныстары, әріптестері мен туыстарын жұмысқа алған, - деп newsroom.kz хабарлайды massaget.kz дереккөздеріне сілтеме жасай отырып.

Басылым мәліметінше, Twitter-дің Сан-Францискодағы штаб-пәтерінде Масктың Tesla және The Boring Company компанияларындағы бұрынғы қызметкерлері, оның ішінде немере ағалары да жұмыс істейді.

"Масктың екі немере ағасы Джеймс пен Эндрю Маск қазір Twitter-де жұмыс істейтін сияқты. Twitter-де Tesla-ның ондаған инженері, The Boring Company қызметкерлері және Масктың кәсіби ортасындағы таныстары қызмет етеді", - делінген хабарламада.

Twitter-де Илонның заңгері Алекс Спиро мен Масктың Excession отбасы инвестициялық фирмасының басшысы Джаред Бирчалл де жұмыс істейді.

Фото: bbc.com

Жүктелуде...