Астана қаласының 2035 жылға дейінгі бас жоспарын талқылау жалғасуда.

Астана қаласының 2035 жылға дейінгі бас жоспарын талқылау жалғасуда.

ашық дереккөзі

Атап айтқанда, елордада мектеп салу үшін – 158 учаске, балабақшалар үшін – 185, медициналық орталықтар үшін – 78 учаске белгіленді. Медициналық орталықтардың саны жаңа тұрғын үй кешенінің бірінші қабаттарында ашылатын медициналық мекемелерсіз көрсетілген. Қала әкімдігінен хабарлағандай, әлеуметтік нысандарды салу үшін жер учаскелерінің саны жыл сайын ұлғаяды. Қазіргі уақытта елорда тұрғындарының қатысуымен 2035 жылға дейінгі Қаланың бас жоспарының жобасы талқылануда. Бас жоспарда болашақ әлеуметтік нысандар қайда салынатыны көрсетілген. Айта кетсек, жоба аясында қаланы дамыту, халық саны, әлеуметтік нысандар салу, көлік инфрақұрылымын перспективалы дамыту, 2035 жылға дейін кейбір нысандарды бұзу мәселелері зерделенді. Астананың Бас жоспарының жобасын талқылау 2022 жылғы 15-18 қараша аралығында «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС ғимаратында, Астана қ., А.Мамбетов көшесі, 22-көрме залы мекен-жайында өтеді.

Жүктелуде...