Астанада Ұлыбритания патшайымы II Елизавета атындағы гүлзар ашылады

Астанада Ұлыбритания патшайымы II Елизавета атындағы гүлзар ашылады

ашық дереккөзі

Астанадағы Есіл өзенінің жағасында Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета атындағы гүлзар ашылады. Azattyq Ruhy жазуынша, мәслихаттың кезектен тыс сайлауында тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының жетекшісі Сәкен Есіркеп елордада бірқатар көшелер мен гүлзарларға жаңа атау берілетінін хабарлап, олардың тізімін ұсынды. Осылайша, Қабанбай батыр даңғылыңының бойында орналасқан гүлзарға Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизаветаның есімін беру туралы шешім қабылданды. Бұдан өзге, дереккөзге сүйенсек, қаладағы жаңа көшелерге Орал Мұхамеджанов, Сафуан Шәймерденов, Шерхан Мұртаза, Дүкенбай Досжан, Еркеғали Рахмадиев сияқты біртуар азаматтардың есімі берілетін болды.

Жүктелуде...