«Отандық шоубизде алаяқтық бар, сыртынан әңгіме айтатындар көп»

«Отандық шоубизде алаяқтық бар, сыртынан әңгіме айтатындар көп»

ашық дереккөзі

"Өз жүрегіңнен ұялмайсың ба?" атты хит әнімен танымал аралдық әнші Әлімжан Кеңес қазіргі қазақ эстрадасын сынға алды, деп newsroom.kz хабарлайды exk.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Ол "Менің өмірім" бағдарламасында аға буын жастардың арасында сабақтастықтың үзіліп қалғанына, қазіргі әншілердің тойдан басқа ештеңе ойламайтына ренішін білдірді.

Жас әнші Аралдан арман қуып Алматыға 2012 жылы келген. Бір кездері көпшіліктің сынына ұшыраған Qos Like бағдарламасына да қатысқан. Әншілікке 2017 жылы бет бұра бастады. Қазір әлеуметтік желіде кең тараған біраз хит әндердің орындаушысы.

Эстрадада ауызбіршілік жетіспейді. Көп әншілер ақындар мен композиторлардың қадіріне жетпейді. Бір ән жазып беріп, ол хит болса, қолына 100-200 мың теңге береді. Содан кейін көмектеспейді. Бір күні ол ақын айтып-айтып, ренжіп қалады, — дейді Әлімжан Кеңес.

Сосын ол өнер жолында алаяқтық барын айтты. Әлімжанның ойынша, бір-біріне өтірік күлетіндер, сыртынан әңгіме айтатындар көп. Өзі жетістікке жеткенде сазгерді ұмытып кететіндер тағы бар.

Соңғы 3-4 жыл көлемінде елге таныла бастаған Әділет Жауғашар, Жандос Қаржаубай, Мәлік Жамбылұлы төртеуімізді үлкен концерттерге шақырмайды. Жаңа жылдық түсірілімдерден де қалыс қалып жүрміз, — дейді әнші.

Ол мұның себебін өнердегі ағаларынан көріп отыр. Яғни бұл жағдайға алдыңғы буын әншілердің жастар жайлы айтпайтыны, жарнама жасамайтыны себеп деп санайды.

Алтынбек Қоразбаев заманында қаншама әншіге көмектесті. Енді сол кісілерден кейінгі буын бізді қолдауы қажет. Мейрамбек Бесбаев, Саят Медеуовтер өздері бұрынғы әндерін айта бермей, жастардың қатысуына мүмкіндік беруі керек, — дейді Әлімжан Кеңес.

Фото: exk.kz

Жүктелуде...