Сенсация! Ирактың 40 пайызы шөлге айналады

Сенсация! Ирактың 40 пайызы шөлге айналады

ашық дереккөзі

Ғаламдық жылыну адамзат үшін басты қауіпке айналды. Климат өзгерген сайын тіршілік үшін қатер күшейді, деп newsroom.kz хабарлайды 24.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Бір заманда гүлденген аймақ - Ирактың көп бөлігі шөлге айналуы мүмкін.

Жерорта теңізінің суы да жылып барады. Енді оның пайдасынан зардабы асқалы тұр.

Иракта соңғы 30 жылда жауын-шашын көлемі 30 пайызға азайды. Бұл туралы еуропалық ғалымдар айтты. Ал араб елінің президенті і Абдул Латиф Рашид өткен аптада Мысырда өткен ғаламдық конференцияда "Ирак аумағының 40 пайызы көп ұзамай шөлге айналады" деп мәлімдеді. Мұның себебі көп. Мәселен, Түркиядан бастау алатын Ефрат пен Тигр өзендерінің суы азайған. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, Ирак ғаламдық жылынудың зардабын ең қатты тартатын әлемдегі 5 елдің қатарында.

Абдель Уахад Аль-Ясри, Мутанна аймағы ауыл шаруашылығы және су басқармасының басшысы:

- Су тапшылығы әлеуметтік мәселелер тудырып отыр. Тіпті көршілес аймақтардың тұрғындары бір жұтым су үшін бір-бірімен қырқысып әлек. Сондықтан барлық жағынан қауіп-қатер зор.

Жерорта теңізінің де суы жылып барады. Мамандар Тунистің 2 жарым миллион шаршы шақырым аумағы климат өзгерісінен зардап шегеді деп қауіптенеді. Соңғы 1 ғасырға жуық уақыт ішінде мұхиттан ескен леп 54 пайызға жылыған. Теңіздің жылылығы әдеттегіден 11 градусқа көтерілген. Осының кесірінен тіпті Франция мен Испанияда теңіз жұлдыздары, балық пен ұлу көп өле бастаған. 

Хамди Хачед, климат жөніндегі сарапшы-инженер:

- Климат өзгерісі Жерорта теңізіне тән емес тіршілік иелерін көптеп келтіріп жатыр. Олар мұнда Атлант және Үнді мұхиттарынан, Қызыл теңізден келуде. Олардың көбі жыртқыш. Жерорта теңізінің байырғы жануарлары мен жәндіктерін жұтып, жойып жатыр. Осы теріс үрдіс экологиялық тепе-теңдікті бұзуда. 

Гималайға қауіп төніп тұр

Қытайдың Ғылым академиясы Гималайдағы фаунасын зерттеуге белсене кірісті. Мұнда 20 мыңнан астам өсімдік бар. Олардың көбі әлемнің кез келген жеріне егіп, көбейтуге болады. Десе де бұлардың өзі құрып кетуге жақын. Өйткені ғалымдар аймақта лай көшкіні мен жер сілкінісінің көбейгенін айтады. 

Хоң Дуиуан, ботаник:

- Бұл жер әлемнің шатыры іспетті. Теңіз деңгейінен 600 метр биіктікте орналасқан. Мұнда ауа райының барлық түрі - тропикалық жылылықтан аязға дейін кездеседі. Сондықтан бұл жерде өсімдіктің барлық түрі бар. Алайда олардың өзін сақтап қалуға күш салуымыз керек.

Күннен қуат алатын ауыл

Үндістанда толық күн энергиясын тұтынатын ауыл пайда болды. Елдімекенде 6500 тұрғын бар. Үкімет 1300 күн панелін орнату үшін бюджеттен 10 миллион доллар бөлген. Үндістан әлемде ауаға зиянды қалдық бөлетін үшінші үлкен ел.

Фото: 24.kz

Жүктелуде...