Жаңалықтар

Түркістан өңірінің рухани жаңғыруы

Түркістан өңірінің «Ұлттық рухани жаңғыруы» өңірдің туристік аймаққа айналуымен тікелей байланыстыруға болады, деп Newsroom порталының тілшісі жазады. Осылайша біз Түркістан аймағының «Ұлттық рухани жаңғыруы» рубрикасын жалғастырамыз.

Айта кетейік, Қазақстан тарихының алуантүрлігінің орталығы және тарихи маңызы бар орталықтарды сақтаған өңірінің тарихын айтуға бір мақала өзі жетпейді. Ал өңірдің туристік аймаққа айналуы арқылы қазақстандықтарға Қазақстан тарихын өз көзімен көріп, аздаған уақыт ішінде рухани күшпен иемденуге мүмкінік туды. Ұлттық рухани жаңғыру мақсаты - Ұлттық-мәдени бірегейлікті сақтау және мәдени өнімдерді ынталандыру, олардың сапасы мен әр алуандығын арттыру арқылы әрбір қазақстандықтың көркемдік-шығармашылық әлеуетін іске асыру, сондай-ақ жас ұрпақтың бойында рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру болып табылады. Ендігіде Түркістан тарихи ордасының маңызды орталықтарына шолу жасайық: 1 – Әлқожа ата кесенесі Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен шығысқа қарай 2,5 шақырым жерде Ә.Тұтқабаев көшесінің бойында орналасқан. Azretsultan.kz дереккөздеріне сүйене, қабірхана, жамағатхана және бастырмадан тұратын ескерткіш күйген кірпіштен қаланған. Бұл бөлмелер күмбезделіп жабылып, төрт жағынан терезе ойықтары орнатылған. Бастырмасы айнала төрт қырланып кірпіштен өрілген. 1997-1999 жылдар аралығында өзінің сәулеттік ерекшеліктері толық сақталып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. Ел аузындағы аңыз-әпсаналарда Әлқожа атаның Қожа Ахмет Ясауидің күйеу баласы, яғни Гауһар ананың күйеуі болғандығы айтылады. Сондай аңыздардың бірінде кезінде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ең жақын досы, сенімді серігі, ізбасары, ислам дінінің ең ардақты тұлғаларының бірі — Әбу Бәкір Сыддық деген кісі болған. Халық Әбу Бәкірді «Сыддық» деп атаған. Әбу Бәкірдің ұрпағы Әбуләйіс қожаның екі ұлы болған екен. Олардың бірі – Жақып қожа, екіншісі — Әбдімәлік қожа. Самарқандта білім алған ағайынды Жақып пен Әбдімәлік Түркістан қаласына келгеннен кейін ағасы Сыр бойының төменгі жағына қарай бет алып, Өзген қаласына қоныстанған. Ал, Әбдімәлік ата Түркістанда қалады. Әбдімәлік ата Қожа Ахмет Ясауи медресесінде қызмет еткен, Қожа Ахмет Ясауимен бірге қажылыққа барған екен. Өз кезеңінде Әбдімәлік ата Түркістан өңірінде ірі тұлға саналған. Оның ислам діні үшін сіңірген еңбегін Ахмет Ясауи де өте жоғары бағалаған. Онымен құда болып, Әбдімәліктің баласы Әлиқожаға (Әлқожа) қызы Гауһарды қосқан. Әлқожа Ата Қожа Ахмет Ясауидің сүйікті шәкіртінің бірі болған екен. Оның бойында емшілік қасиет болған деседі. Айтылған аңыздарға сенсек, сол заманда кесененің жоғарғы жағында орналасқан көктастан су тамшылайды екен. Сол су төменде орналасқан екінші көктастың үстіне тамшылап тұратын болыпты. Соған жиналған суды адамдар келіп еңкейіп ішкен екен. Себебі оның өзіндік емдік қасиеттері болған көрінеді. Көктастың жоғарғы жағында кесе тәріздес ойық бар. Ел арасында соның ішіне жиналған суын ішкен адам бүкіл дертінен айығып кетеді деген пікір қалыптасқан. Бүгінде Әлқожа ата кесенесі қайта жөндеуден өткен. Ал, көктас қазіргі таңда кесене алдына шығарылған. Ал кесене төбесінен су ташылап тұратын көктастың қайда екендігі белгісіз. Жаугершілік замандарда кесене қирап, көктас жоғалып кетіпті. Әлқожа ата кесенесі бірнеше жыл бұрын адам аяғы баспайтын, қараусыз жатқан жер болатын. Бүгінде кесене көпшілікке намаз оқу үшін қайта ашылып, қазір жергілікті тұрғындар үшін мешіттің де рөлін атқаруда. 2016 жылы «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің бастамасымен кесене алдындағы жер тегістеліп, бау-бақшасы ретке келтірілді. Кесенеге келуші туристерге арналған жолдарға тас төселіп, жарық шамдар мен арнайы орындықтар орнатылды. Алдағы уақытта үлкен мәдени туристік нысанға айналдырылмақ. nysana.kz дереккөздеріне сүйене, ел аузындағы аңыздарда Әлқожа атаның Қожа Ахмет Ясауидің күйеу баласы, яғни Гауһар ананың күйеуі болғандығы айтылады. Кезінде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ең жақын досы, сенімді серігі, ізбасары, ислам дінінің ең ардақты тұлғаларының бірі — Әбу Бәкір Сыддық атты кісі болған.  Әбу Бәкірге «Сыддық» деген атты халық берген, ал оның төл есімі  – Абдуллах. Әбу Бәкір  – Алланың елшісін, Құранды, мұсылмандықты ерлердің ішінен алғаш қабылдаған сахаба. Ол өзінің ақылы мен шешендік қабілетіне сүйеніп, кедей мұсылмандарға көмек көрсетіп, исламды бар жан-тәнімен уағыздаған. Әбу Бәкірдің ұрпағы Әбуләйіс қожаның екі ұлы болған екен. Олардың бірі – Жақып қожа, екіншісі — Әбдімәлік қожа. Самарқандта білім алған ағайынды Жақып пен Әбдімәлік Түркістан қаласына келгеннен кейін ағасы Сыр бойының төменгі жағына қарай бет алып, Өзген қаласына қоныстанған. Ал, Әбдімәлік ата Түркістанда қалады. Әбдімәлік ата Қожа Ахмет Ясауи медресесінде қызмет еткен, онымен бірге екі рет қажылыққа барған деген аңыз бар. Өз кезеңінде Әбдімәлік ата Түркістан өңірінде ірі тұлға саналған. Оның ислам діні үшін сіңірген еңбегін Ахмет Ясауи де өте жоғары бағалаған. Онымен құда болып, Әбдімәліктің баласы Әлиқожаға (Әлқожа) қызы Гауһарды қосқан. Әлқожа Ата Қожа Ахмет Ясауидің сүйікті шәкіртінің бірі болған екен. Ғұламаның артында қалған барлық мұраларын кейінгі ұрпаққа жеткізуде Әлқожаның сіңірген еңбектері зор. Оның бойында емшілік қасиет болған деседі. Ілімділігі мен әділеттілігі, ақиқаттың ақ туын берік ұстанған ғұламалығы ел аузына ерте ілініп, көзі тірісінде-ақ «әулие кісі» атаныпты. Аңыздарға сенсек, сол заманда кесененің жоғарғы жағында орналасқан көктастан су тамшылайды екен. Сол су төменде орналасқан екінші көктастың үстіне тамшылап тұратын болыпты. Соған жиналған суды адамдар келіп еңкейіп ішкен екен. Себебі оның өзіндік емдік қасиеттері болған көрінеді. Көктастың жоғарғы жағында кесе тәріздес ойық бар. Ел арасында сол ойықтың ішіне жиналған суды ішкен адам бүкіл дертінен айығып кетеді деген пікір қалыптасқан. Көктас жаугершілік замандарда жоғалып кеткен. Бүгінгі таңда Әлқожа атаның қабірі басына тұрғызылған кесене қайта қалпына келтіріліп, зиярат орны мен мешіт қызметін қос қабат атқаратын орынға айналған. Түркістандағы Ә.Тұтқабаев көшесінің бойында орналасқан ескерткіш қабірхана, жамағатхана және бастырмадан тұрады. Қабырғалары күйген кірпіштен қаланған. Бұл бөлмелер күмбезделіп жабылып, төрт жағынан терезе ойықтары орнатылған. Бастырмасы да айнала төрт қырланып кірпіштен өрілген. 1997-1999 жылдар аралығында өзінің сәулеттік ерекшеліктері толық сақталып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. Әлқожа ата кесенесі бірнеше жылға дейін адам аяғы баспайтын, қараусыз жатқан жер болған. «Бүгінде кесене көпшілікке намаз оқу үшін қайта ашылып, жергілікті тұрғындар үшін мешіттің де рөлін атқаруда. 2016 жылы «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің бастамасымен кесене алдындағы жер тегістеліп, бау-бақшасы ретке келтірілді. Кесенеге келуші туристерге арналған жолдарға тас төселіп, жарық шамдар мен арнайы орындықтар орнатылды. Алдағы уақытта үлкен мәдени туристік нысанға айналдырылмақ», —дейді қорық-музейдің баспасөз хатшысы Мадина Сабырқызы. Иә, тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда Елбасы Н. Назарбаевтың «Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы мен бағдарламалық мақаласы аясында киелі мекендеріміз көздің қарашығындай қорғауға алынды. Бүгінде елге рухани қызмет ете бастаған мұндай орындар біздің тарихи баға жетпес байлығымыз. 2 – Гауhар ана кесенесі Ақылына көркі сай деп аңыз әңгімелерге арқау болған, Қожа Ахмет Ясауидің қызы – Гауһар ана жайлы, оның Түркістан қаласындағы кесенесі туралы «Көне дүние күмбірі» айдарында. Qazir.kz  дереккөздеріне сүйене, Гауhар ана кесенесі (ХІІ-ХІV ғғ.) Түркістан қаласынан оңтүстікке қарай 4 шақырым жерде, Түркістан – Шәуілдір автокөлік жолынан солға қарай 400-500 метр қашықтықта орналасқан. Аңыз-әңгімелерде ГауҺар ананың баласы болмағанын айтады. Әкесі «Еміңнен жазылған адамдардың бәрі – сенің балаларың» деп қызын жұбатқан деседі. Ана өмірден өтерінде: «Мені інім Ибраһим шайхтың қаны төгілген жерге қойыңдар» деп аманаттаған екен. Гауһар ананың інісі Ибраһим халық өздері қазған құдықтан рұқсатсыз су алғаны үшін кетпенмен шауып өлтірген екен. Нақақтан-нақақ жаны қиылған бауырының қаны төгілген жерде Гауһар ананың мазары жатыр. Деректерде, анамыздың ақылы көркіне  сай ерекше жан болғандығы айтылады. Гауһар ана – ұлы ақын, ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің қызы. Гауһар ана жайлы аңыз-әңгімелерге сүйенсек, ол емшілік қасиеті ерекше жан болған деседі. Әлі күнге дейін ана кесенесінің маңында емдік қасиеттері бар артезиан суы шығатын құдықтар көптеп кездеседі. Деректерде анамыздың ақылы көркіне сай ерекше жан болғандығы айтылады. Гауһар ананың қашан қайтыс болғаны жөнінде мәлімет жоқ, тек 11221124 жылдары туып, шамамен 1187-97 жылдары дүниеден озған деген жорамал бар. «Әзірет Сұлтан» кесенесінде ұзақ жылдар мұражай директоры болған О.Дастанов ақсақалдың ел аузынан естіген аңызы бойынша, Гауһар ана қайтыс боларында «Мені інім Ибраһим шайхтың қаны төгілген жерге қойыңдар» деп өсиет етіпті. Аңызға сенсек, Ибраһимді Сүйір деген халық өздері қазған арықтан рұқсатсыз су алғаны үшін кетпенмен шауып өлтірген, яғни бұл Сүйір арығының жағасы болуы керек. Нақақтан-нақақ жаны қиылған бауырының қаны төгілген жерде Гауһар ананың мазары жатыр. Қожа Ахмет Ясауи мен Гауһар ана кесенесі арасында жерасты жолы бар деген аңыздар да бар. Гауһар анамыз әкесі жерасты қылуетіне түскен кезде өмірден өтеді. Ясауи бабамыз қызының мазарына қылуеттен күн шуағына шықпай барып тұру үшін жерасты жолын салған деседі. Бірақ тарихи деректерде жерасты жолы туралы мағлұмат көп кездеспейді. Осы кесенеде қарауыл болып істеген қарияның басынан өткен оқиғасы Гауһар ананың емшілік қасиетінің мол екенін дәлелдей түседі. Келушілерді қабылдап, ана рухына құран бағыштап отырған ақсақал зиярат етушілерге өз басынан өткен оқиғаны былай әңгімелеп берген. Ертеректе еңбекпен түзету колониясындағы мектепте директор болып жұмыс істеген ақсақал кейін қатты ауруға шалдығады. Бауыр ісігінен зардап шеккен оның науқасы жанына батыпты. Әрине, бұл кеселдің емі болмай талай адам өмірден өткені белгілі. Алайда, көрер жарығы бар екен, пенденің пешенесіне жазылмаған бұл науқастан айығу осы кісіге бұйырған. Науқасы жанына батып жүрген бір күндері түнде ұйықтап жатқанда түсінде аян беріледі. Оянғаннан кейін «Салу керек» деген сөз есінен шықпай қояды. Нені салу керек?! Өзі де білмейді. Сөйтіп жүргенде Гауһар ана зиратының басын мал таптап жатқандығын көреді. Маған берілген аян осы шығар деп баласының үйін сатып, сол қаржымен зираттың айналасын қоршап, басына шағын мазар тұрғызыпты. Бұл әрекетін Алла қабыл қылса керек, ақсақал ауруынан құлан-таза айығып кетеді. Содан бастап Нұрғали есімді қария осы кесене басына келушілерді қабылдап, шама-шарқынша оларға қолғабысын тигізеді, қарауылдық қызмет жасайды. Аңыз-әңгімелерде ГауҺар ананың баласы болмағанын айтады. Әкесі «Еміңнен жазылған адамдардың бәрі – сенің балаларың» деп қызын жұбатқан деседі. Бүгінде Гауһар ана кесенесіне келушілер нөпірі өте көп. Олардың көбі дертіне шипа іздеп келеді. Талай жанды емдеп, ауруынан айықтырған қасиетті ананың шарапаты тисе деп тілейді. Тіпті кейбіреулер дертінен құлантаза айығып кетіп жатады. Сырт кескіні архитектуралық келісті кесенелер негізінен әйелдерге арналған. Әлкей Марғұлан оқыған дәрістен «Сырлы тамдар» тек әйел затына арнап салынатын болғанын, бұл мәлімет В. Жирмунскийдің «Следы огузов в низовьях Сыр-Дарьи» атты кітабында жазылғанын 1979 жылдың басында түркітанушы ғалым Рахманқұл Бердібаев жазып алған. 3 – Үкаша ата кесенесі Оңтүстік Қазақстан облысындағы киелі жерлердің бірі - Үкаша ата қабірі орналасқан кесене. Оның мазары Түркістан қаласынан солтүстікке қарай 35 шақырым жерде Бабайқорған ауылының солтүстігінде орналасқан. Кереметке толы құдық пен сахабаның қабірі жатқан кесене жайлы аңыз-әфсана қазір көптеген туристерді қызықтырып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Халық арасындағы аңыз бойынша Үкаша ата Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.у.) сахабасы ретінде белгілі. Мұcылмандардың әскери қолбасшысы ретінде кеңінен тараған. Аңыз бойынша, Үкаша ата шапса қылыш, атса оқ өтпейтін қасиет дарыған алып денелі, батыр болған екен. Үкаша сахаба сондай-ақ қазақ даласына ислам дінін алғаш алып келген тарихи тұлға ретінде айтылады. Ол Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сенімді серіктерінің қатарында болған. Түркі тайпаларының бірінен шыққан. Қазақ шежіресінің бастауында тұратын Әнес сахабалармен бір қатарда тұрады. Ал кеңестік дәуірде халықтың тарихи санасында Ғакаша сахаба есімі ұмытылып, Үкаша ата, Үкаша әулие есімімен сақталып отыр. Бірқатар деректерде Ғакаша сахабаның ешқандай да аңыз емес екені айтылған. Ол Пайғамбардың (с.а.у.) жақын серігі, қасында бірге жүрген аяулы сахабасы болғандығын көрсетеді. Пайғамбар сахабасы - Әли Мұхаммед (с.а.у.) алдында жүретін қорғаушысы болса, Үкаша ата оның арқа тұсында жүретін оққағары болған екен. Мұхаммед (с.а.у) өмірден өтер сәтінде: «Кімде-кім Үкашаның жүзіне қараса, сол адамға тозақ оты харам болады» дегенді айтады. Енді бір деректе Мүбәрак әулиенің қасиетті қаны аяқ асты болмасын деген оймен денесімен қоса қаны шашыраған жері көміліп қабірге айналдырылған. Қазіргі таңда Үкаша ата қабірі бүкіл түркі жұрты мінәжат қылып, тәуәп жасайтын зиярат орнына айналған. Үкаша ата дегенде, ең әуелі жұрттың есіне тау басындағы құдық еске түседі. Тау басындағы құдықтың пайда болуына қатысты сұрақтың жауабы да тарихи шығармалардан алынған. Мұнда келген әрбір адам бірінші Үкаша атаның қабірі орналасқан кесенеге кіріп, құран оқиды. Одан кейін барып тау басындағы құдықтан су алады. Кереметке толы құдық пен сахабаның қабірі жатқан кесене жайлы аңыз-әфсана бұрнағы уақытта жыр-дастандар арқылы кеңінен таралған. Тарихшы Мұхтар Қожа Үкаша ата туралы мынандай деректер айтады. «Үкаша атаны жау жеңе алмаған, ешбір пенденің оғы өтпейді, қылышы кеспейді екен. Жаулары айла жасап оның әйелін алдап сахабаның осал жерін біліп алыпты. Үкаша ата тек таң намазын оқыған кезде қорғансыз болады екен. Оны білген кәпірлер таң намазын оқып отырған кезде басын қылышпен шауыпты. Жансыз басты періштелер домалатып қырдың етегіне жеткізіпті. Сол жер қақ айырылып құдық болып Үкаша ата басы оған түсіп жер асты өзен арқылы Мұхаммед Пайғамбарға (с.а.у.) жетіпті. Сахабаның қаны тамған жердің бетіне саздан ұзындығы 21 м белгі соғылған. Зияратқа барғандарға әулиенің шырақшылары Үкаша атаның басы домалап түскен құдықты, атаның түйесінің ізі қалған тасты көрсетеді. Зияратшылар осы құдыққа кезекпен шелек салып су алуға әрекет етеді. Су біреулерге беріледі, біреулерге қанша мәрте шелек салғанымен бір тамшы су ілінбейтіні бар. Мұны шелек тастап отырған адамның күнәсіне балап түсіндіреді», - дейді тарихшы Ал кейбір деректерде Үкаша ата бейітінің жанындағы қасиетті саналатын құдық суы жер асты арқылы Меккедегі Зәмзәм бұлағымен байланысады деген түсінік бар. Оның тереңдігі 22-25 метрді құрайды. Құдық тік емес, спираль тәрізді. Құдықтан су алу үшін шелек салғанда су шығатын болса, ол адамның жолы болғыш, бақытты адам деп саналады. Осы құдықтың басына барша мұсылман жамағаты Алладан тілек тілеп, күнәларынан арылуға зияратқа ағылып келіп жатады. Сондай-ақ ел арасында жаугершілік заман мен бертін келе соғыстан кейінгі жылдары да жараланған адамдамдар осы құдықтың суына шомылып, айығып кеткені туралы айтылады. Кесене мен құдықтың екі арасы шамамен алғанда бір шақырымдай. 1990 жылдары ауыл ақсақалдарының күшімен ол жер қайта жөнделіп, тәубе ететін орынға айналдырылды. 1996 жылы облыстық Мәдениет басқармасының «Әзірет Сұлтан» музейі қармағына берілді. Abai.kz дереккөздеріне сүйене, Әулиенің кеніне айналған қарт Қаратаудың қойнауы киелі орындарымен ерекше. Ел есінде аңыз болып қалған киелі орынның бірі – Үкаша ата есімімен байланысты. Үкаша ата дегенде ең әуелі жұрттың есіне тау басындағы құдық еске түседі. Мұнда келген әрбір адам бірінші Үкаша атаның қабірі орналасқан кесенеге кіріп құран оқиды. Онан кейін барып тау басындағы құдықтың басына барып су алады. Кереметке толы құдық пен сахабаның қабірі жатқан кесене жайлы аңыз-әфсана бұрнағы уақытта жыр-дастандар арқылы кеңінен таралды. Ал Кеңес үкіметі тұсында рухани тарихымызға қатысты әулиелердің есімдерін, олардың еңбегін, тарихтағы алар орынын мақсатты түрде жоюға тырысты. Тәуелсіздіктің таңы атумен жоғымыз табылып, өшкен есімдеріміз қайта тіріліп жатыр. Қаратау бөктерінде Ислам дінін таратушы Үкаша сахабаның кесенесі мен құдығы орналасқан. Кесене мен құдықтың екі арасы шамамен алғанда бір шақырымдай. Қазіргі уақытта Үкаша ата қабірі басына тұрғызылған кесене тарихи-мәдени ескерткіш ретінде мемлекет қарауына алынған.  Қорғалу ерекшелігі жағынан жергілікті ескерткіш болып табылады. Оңтүстік Қазақстан энциклопедиясында Үкаша ата мазары – сәулет өнер ескерткіші. Қаратудың күнгей бетінде, Өгіз тау шатқалы маңындағы қыратта, Түркістан қаласынан 42 км жерде. Шамамен 6-7 ғасырларда өмір сүрген, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарға замандас болған ислам дінінің өкілі – Үкаша атаға арнап тұрғызылған... Кесененің батыс жағында 200 м жерде Үкаша ата құдығы бар делінген. Үкаша ата ел арасында аңыз тұлға ретінде танымал. Ол жөнінде арнайы жазылған тарихи зерттеу еңбегі жоқ. Жазылған кітаптардың көпшілігі кәсіби мамандардың қатысуынсыз шыққан. Бұл мәселе біздің даламызға ислам дінін таратушы тұлғалар Үкаша сахаба, Арыстан бап, Ысқақ бап, Қорасан бап, Әбдіжалил бап, Қожа Ахмет Ясауи т.б. тұлғаларға қатысты болғанда тіпті күрделене түседі. Үкаша сахаба жөнінде халық ауыз әдебиеті мен жазба деректерде айтылатын мәліметтерді бір жүйеге келтіру өзекті мәселелердің қатарына жатады. Қазақ тарихының көптеген мәселелеріне зерттеу жұмыстарын жүргізген Ш.Уәлихановтың кітабынан Үкаша сахаба жайлы мынадай мәлімет оқимыз. «Родоначальникам Средней орды был товарищ, сахаба Мухаммада избранного». Пророк по откровению архангела Гавриила, узнав о скором своем оставлении правления сего тленного мира, чтобы там, в эдеме, на лоне гурии, отдыхать вечно и вечно, призвал своих друзей и товарищей и сказал им об этом, прося прощения, если он сделал кому-нибудь из-них обиду. Все плакалаи и говорили:// «Ты друг аллаха, мог ли ты сделать обиду!». Только один сахаба, по имени Оксе, обьявил претензию, что пророк при осаде какого-то города безвинно ударил его в спину. Мухаммед действительно вспомнил свою ошибку и в возмездие предложил ему спину. Абубекр, Омар, Осман, Али и другие вельможи тщетно отговаривали Оксу оставить безрассудное свое намерение Оксе ничего не хотел слушать и, при общем проклятии народа, подошел с плетью к священной спине любимца аллаха и просил его обнажить тело. Пророк снял свое верхнее платье. Оксе того и нужно было: он знал, что на спине избранного есть божия печать, приложившись к которой смертный делается недоступным адскому огню. Оксе вместо ожидаемого удара только наклонил голову, поцеловал и отошел прочь. Но за неудовольствие, причиненное им пророку, и по ... общественного проклятия бог обрек его и его потомков бродняжничеству, благословие, впрочем, вместе с тем на довольство и безбедность. От него [Оксе] происходит... родоначальник уйсуней и всего народа» (Уәлиханов Ш.Ш. Бес томдық шығармалар жинағы 1 том. Предания и легенды большой киргиз-кайсацкой орды. Алма-Ата 1984. 273-274 стр) айтылып отырған Оксе есіміне кітаптың соңында мынадай түсініктеме беріледі. Оксе (искаженное от арабского имени Уккаша) – исторически неверная легенда о происхождении казахов от Аккаше и Анеса, приведена у Г.Н.Потанина (Уәлиханов Ш.Ш. 396 бет) дейді. Яғни Оксе бұл Укаша сахабаның бұрмаланған есімі дейді. Потанинге үңілер болсақ қазақ-қырғыздардың шығу тегі туралы жазған материалында мынадай дерек айтып өтеді. «Корень этих наших казаков от турков (турклер) монгольского знака (могол сюмбили) и мусульманской веры, узкого рода (ууз), войлочноюрточные из трех уокских племен. После того были народом то кочующим, то оседавшим (Конгар). Во времена пророка Мухаммеда наши предки Акаше, сын Назира и Анес, сын Малика, а также Ахтам-софы и Имам-баир были приверженцами пророка. Ары қарата Потанин осылардан өрбіген ұрпақтар 32 баулы өзбек атанып көбейгендігін жазады. Потанин Үкаша атаның шығу тегін Түркі екендігін көрсетеді. Әдетте біздің даламызға келген Ислам дінін таратушыларды араб не парсы делінеді. Потаниннің мәліметі ел арасында айтылып келе жатқан ескі әңгімелердің жиынтығы екендігі анық. Бізге аңыз болып жеткен Үкаша ата жайында ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басында өмір сүрген  Шәді төре Жәңгірұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Жүсіпбек Шайқысламұлы біраз деректер қалдырды. Бұл кісілердің шығармаларында Үкаша атаның есімі Ғакаша деп беріледі. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы «Хазірет Ғакаша сахаба Ан хазіретіміздің он жеті орында туын көтеріп еді». Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының тағы бір жазбасында Ғакаша, Имамбайыр, Құттықожа, Ерқоян бастаған Түркілерден құралған 90 адамнан тұратын атты әскер пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) жасағына келіп қосылды деген мәлімет береді. Ғакаша пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) сенімді сахабаларының біріне айналып, жанында жүреді. Бұл дерек мәліметі  Үкаша атаның шығу тегінің Түркі екендігін көрсетеді. Шәді төре Жәңгірұлы Расул Ғалайһіссаламның ақырғы өсиеті деген әңгімесінде «Сол уақытта Ғакаша атты бір сахаба, әдеппен бір сөз айтты қол қусырып», - дейді. Жүсіпбек Шайқысламұлының еңбегінде Акаша есімімен берілген. Үш автордың шығармасының мазмұны, құрылымы жағынан алғанда өзара айырмашылық кездеспейді. Үш автордың шығармалары пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Мұстафаның қайтыс болар алдындағы соңғы өсиетіне байланысты жазылған. Шығармада Ғакаша сахабаның есімі негізгі кейіпкерлердің бірі ретінде баяндалған. Бұл шығармалар бізге ең алдымен, Ғакаша сахабаның ешқандай да аңыз емес тарихи тұлға, пайғамбардың жақын серігі, қасында бірге жүрген аяулы сахаба болғандығын анық көрсетіп отыр. Тау басындағы құдықтың пайда болуына қатысты сұрақтың жауабын да осы шығармаларадан аламыз. Үкаша атаның пайғамбарымыздың сахабасы болумен қатар шығу тегіне байланысты құнды мәлімет бар. Оның шығу тегі Түркі екендігін көрсетеді. Кеңес үкіметі орнап, қазақ әліпбиі кириллицаға көшкенге дейін ел бұл тұлғаны Ғакаша дейтін болған. Кеңес үкіметі кезінде дін мәселесін зерттеуге тиым салынды. Бұл тақырыпты зерттеушілер негізінен дінді әшкерелеу үшін ғана жазатын. Сондай мазмұндағы шығарманың бірі О. Дастановтың 1967 жылы шыққан «Әулиелі жерлер туралы шындық» кітабы. Автор «Укаша-ата» кім? деген тақырыпты көтеріп: Укаша туралы дінді уағыздаушылар былай дейді: «Мұхамед пайғамбардың тапсыруымен келіп, Укаша (Ғакаша) ислам дінін таратады». Әрі қарата Үкаша ата жайлы тарихи аңызды тарқатып айтып, оның шын мәнінде негізсіз екендігін тұжырымдаған. Бұл жерде кітап авторының пікірін, дүниетанымын, не себепті кітаптың бұлай жазылғандығын талдап, сынағалы отырған ешкім жоқ. Еңбекте өте маңызды екі мәселе бар біріншісі Укаша мен Ғакаша есімі бір адамға тиесілі екендігі, екіншісі Укаша ата мазарының бүгінгі күні басына барып ел түнейтін Үкаша ата зираты екендігін анық көрсетеді. Үкаша ата құдығына барып су алу дәстүрінің атеистік қоғамның өзінде үзілмей, жалғасын тапқандығы көрсетілген. Еліміз тәуелсіздігін алғалы бері тарихи тақырыпта жазылған кітаптардың саны көбейді. Кәсіби тарихшылардан гөрі әуесқойлар мен журналистердің, басқа сала мамандарының тарихи тұлғалар туралы кітаптары мен кітапшалары баспадан молынан шығып жатыр. Оңтүстік өңірдегі әулиелі орындар мен тарихи тұлғалар жөнінде жазылған кәсіби тарихшының еңбегін таппағанмен, сол тұлғалардың ұрпақтарының болмаса шырақшылардың айтуы бойынша жазылған кітапшаларды жиі кездестіруге болады. Үкаша ата туралы жазылған сондай кітапшаның бірі жазушы-журналист Әсет Әссанди құрастырған «Үкаша ата әулие қысқаша тарихы» кітабы. Бұл кітапта Үкаша ата туралы ескіден келе жатқан аңыз-әңгімелер топтастырылған. Үкаша атаның шығу-тегіне қатысты азғана мәлімет беріліп, Түркі жеріне келіп, дін тарату жолындағы еңбегі жайлы аңыздарды бір ізге түсіріп, жүйелі баяндап шыққан. Бірақ бұл аңызда Үкаша атаның шығу тегіне байланысты нақтылы мәліметтер кездеспейді. Тарихшы Мұхтар Қожа «Үкаша ата атты киелі орын Түркістан қаласынан 60 шақырым жерді, Серт ауылының солтүстік жағындағы Қаратау етегінде жатыр. Аңыз бойынша Үкаша ата Мұхаммед пайғамбардың сахабасы екен. Оны жау жеңе алмаған, ешбір пенденің оғы өтпейді, қылышы кеспейді екен. Жаулары айла жасап оның әйелін алдап сахабаның осал жерін біліп алыпты. Үкаша ата тек таң намазын оқыған кезде қорғансыз болады екен. Оны білген кәпірлер Үкаша ата таң намазын оқып отырған кезде келіп басын қылышпен шауыпты. Жансыз басты періштелер домалатып қырдың етегіне жеткізіпті. Сол жер қақ айырылып құдық болып Үкаша ата басы оған түсіп жер асты өзен арқылы Мұхаммед пайғамбарға жетіпті. Сахабаның қаны тамған жердің бетіне саздан ұзындығы 21 м белгі соғылған. Зияратқа барғандарға әулиенің шырақшылары Үкаша атаның басы домалап түскен құдықты, атаның түйесінің ізі қалған тасты көрсетеді. Зияратшылар осы құдыққа кезекпен шелек салып су алуға әрекет етеді. Су біреулерге беріледі, біреулерге қанша мәрте шелек салғанымен бір тамшы су ілінбейтіні бар. Мұны шелек тастап отырған адамның күнәсіне балап түсіндіреді» - дейді. Сонымен жоғарыда келтірген деректерді талдай келіп мынадай қорытынды алуға болады. Үкаша сахаба біздің даламызға Ислам дінін алғаш алып келген тарихи тұлға. Ол пайғамбарымыздың сенімді серіктерінің қатарында болған. Шығу тегі жағынан Түркі тайпаларының бірінен шыққан. Қазақ шежіресінің бастауында тұратын Әнес сахабалармен бірқатарда тұрады. Ал Кеңестік дәуірде халықтың тарихи санасында Ғакаша сахаба есімі ұмытылып, Үкаша ата, Үкаша әулие есімімен сақталып отыр. 4 – Арыстанбаб кесенесі Арыстан баб кесенесі — көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған. Кесене дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кесененің ең көне бөлігі қабірхана болуы тиіс. Қазір де оның едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Қабір үстіне алғашқы белгі 12 ғ. шамасында салынған. Мазар 14 ғасырда қайта жөнделген. Арыстан баб кесенесі 20 ғасырдың басында жергілікті халықтың қаражатымен күйдірілген кірпіштен ауданы 35x12 м, биіктігі 12 м, бұрынғы Меккеге қараған есігі Түркістанға, Әзірет Сұлтанға бағытталып, Солтүстік жағы кесене, Оңтүстік жағы мешіт есебінде қайта жәнделді. Дәліз-қақпа маңдайшасына мәрмәр тақта қаланып, бетіне һижра бойынша 1327 жыл, яғни соңғы құрылыс жүрген уақыт деп көрсетілген. Бұл кесене XII ғасырда өмір сүрген діни көріпкел Арыстан баб мазарының үстіне салынған. Кесененің бірінші құрылысы XIV-XV ғасырға жатады. Сол құрылыстан кесілген айван тізбектері қалған. XVIII ғасырда көне мазардың орнында жер сілкінісінен кейін екі кесілген ағаш тізбекке тірелген айванмен салынған екі күмбезді құрылыс орнатылды. XVIII ғасырда құрылыс қиратылып, фриз жазбалары бойынша 1909 жылы қайта салынды. 1971 жылы жоғары деңгейдегі грунт сулары салдарынан мешіт құлатылып, қайта орнатылды. Құрылыс алебастр ерітіндісінде күйдірілген кірпіштен қабырғаның сырт жағына салынды. Қазіргі кезде бұл кесене Орталық Азиядағы қажылық міндетті өтейтін мұсылман киелі жерлерінің бірі болып саналады. Аңыз бойынша Арыстан баб Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) елшісі болған. Бір күні Мұхаммед пайғамбар өзінің шәкірттерімен құрма жеп отырған еді. Бір құрма қайта-қайта ыдыстан құлай беріп, пайғамбар ішкі дауысты естіді: «Бұл құрма Сізден кейін 400 жыл алдағы уақытта туылатын мұсылман бала Ахметке арналған». Сонда пайғамбар шәкірттері ішінен бұл құрманы кім иесіне жеткізетінін сұрайды. Ешкім сұранған жоқ. Пайғамбар сұрақты қайта қойғаннан кейін, Арыстан баб былай деді: «Егер Сіз Алла Тағаладан 400 жыл сұрап берсеңіз мен бұл құрманы иесіне жеткіземін». Халық аңыздарынан және жазба деректеріне қарағанда («Рисолаи Сарем-Исфижоб» және Куприлозада кітабы) Арыстан баб Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы болып құрманы жеткізеді. Қазіргі кезде Арыстан баб мазары үстінде 30*13 метр аумағы бар кесене тұр. Тарихи деректер бойынша XII-XVIII ғасырларда кесене бірнеше рет қайта салынып, қайта жаңартылды. Қожа Ахмет Ясауи ұлы әулие мен діни көріпкел 1103 жылы туылып 1166 жылы қайтыс болған. Арыстан баб туралы аңыздар Арыстан бабтың дүние салуы Қожа Ахмет Иасауи хикметінде былайша суреттеледі: «Бабам айтты: Ей балам, қасымда тұр өлейін, Жаназамды оқып көм, жан тәсілім қалайын. Медет берсе Мұстафа, ғарыш биігіне шығайын. Арыслан бабам сөздерін есітіңіз - тәбәрік. Жылап айттым: ей бала, жас көдекпін білмеймін. Көріңізді қазармын, көтеріп сала алмаспын. Хақ Мұстафа сүндетін, балапанмын, білмеймін. Бабам айтты: Ей балам, періштелер жиылады. Жебірейіл имам болып, өзгелер оған ұйиды. Макаил мен Исрафил көтеріп көрге қояды». Отырар өңірінде біз естіген аңыз байынша Арыстанбаб дүние салған соң, оның денесін ақ бураға артып, еркіне жіберіп, соңынан ілесіп отырған. Ақ бура жүре-жүре осы жерге шөккен екен. Сол шөккен жерге Арыстан баб қойылыпты. «Алпамыс жырының» бір үлгісінде Байбөрі мен Аналық «Самарқанда сансыз баб», Бұқарадағы «Баһауәдин Нақишбент» молаларына зират қылады, және "Түнейді үш күн Байбөрі Әзіретті сұлтанға. Түркістанда түмен бап, Сайрамда бар сансыз бап, Отырарда отыз бап, Бабалардың бабын сұрасаң, Ең үлкені Арыстан баб. Әулие қоймай қыдырып, Бабалардың бәрін қылды сап» Әзірет Сұлтан қорық-музейінің сақтаулы тұрған Баян ауылдан бір зияратшылдың қолжазбасында мынадай қызық мағлұмат бар: Арыстан баб дүние салған соң, оның моласының басына екі құс – бірі лашын, бірі қарға ұшып келеді. Бұл әңгіме бізді ежелгі түркі шаманизміне жетелейді. Көне түркілер бұл аталған құстарды киелі деп санаған. Мысалы, ескі жылнамаларда жазылған аңыз бойынша көне түркілердің Ашина тайпасына жау шауып, жаппай қырып кетеді. Сонда жалғыз қалған бала ғана аман қалады. Баланы қасқыр емізіп, аспан әлемінің елшісі – қарға ет әкеліп асыраған. Осы баладан түркілердің ұрпағы деседі. Қазақтардың қарғаны киелі құс санағаны жөнінде деректер аз емес. Қарға сөзімен байланысты мынадай мақал-мәтелдер бар: «Біздің де қолымызға қарға тышар», «Қарға тамырлы қазақ», «Қарғам-ау» деген сөз қарағым, қалқам деген мағынада қолданылады. «Қарғам, қарғашым, қарғатайым" деп қарттар немере-шөберелерін еркелеткен. Қанша балаң бар деп жауап қайтарған. Арыстан баб кесенесі - ғасырлар бойы түрлі өндеу-жөндеуді басынан кешірген құрылыс. Кейде Арыстан бабтың ХІ-ХІІ ғасырларда өмір сүргенін тілге тиек ете отырып, оның кесенесі Арыстан баб дүние салған соң іле-шала тұрғызылған деген жорамал айтылады. Алайда бізге жеткен қазіргі кесенеде ХІІ ғасырдың белгілері жоқ. Бұл арада біз ислам дінінің алғашқы кезде қабір үстіне төбесі жабық құрылыс тұрғызуға тыйым салғанын есте ұстағанымыз жөн. Осы тұрғыдан қарағанда, ХІІ ғасырда Арыстан баб ғимаратының болмауы да мүмкін. А.Черкасовтың жазбаларында Арыстан баб кесенесі әулие және шәкірттері жатқан екі бөлмеден, сондай-ақ алдындағы бастырмадан тұрғанын жоғарыда айтқан болатынбыз. Бұлардың жобасы ХІV ғасырдың құрылысына сай келеді. Осымен қатар бастырмадағы ұстындар да ХІV ғасырдың аяғы мен ХV ғасырдың басында жасалған деген тұжырымды мамандар айтқан болатын. Яғни қазіргі Арыстан баб құрылыс кешеніндегі қабірханалар бөлігі ең көнесі, әуелгісі болып табылады. Бұған қоса халық арасында кең тараған мынадай аңыз бар: «Қожа Ахмет кесенесінің қабырғалары қаланып болған түні алып жасыл өгіз көтерілген дуалдарды мүйізімен соғып, құлатады. Ғимарат қабырғалары қайта тұрғызылып, күмбездері қалана бастағанда бұл оқиға тағы да қайталанып, бәрі үйелген төбеге айналады. Бұл жайт Әмір Темірді көп ойландырады. Түсінде бір шал келіп, аян береді, ол Қожа Ахметтің ең алғашқы ұстазы, Арыстан баб моласының үстіне мазар көтеруге әмір ететінін жеткізеді. Бұл талап орындалған соң ғана Әмір Темір Түркістандағы құрылысын ойдағыдай аяқтайды». Арыстан баб қабірханасының едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Тігінен көтерілген қабырғалары бір биіктікте сәулет өнерінде «желкен» деп аталатын өріммен иіліп барым күмбезге ұласады. Күмбез ауқымы кең һәм биік етіп тұрғызылған. Қабірхананың есігі күнбатысқа, дәлірек айтсақ, Меккеге бағышталған. Бұл қасиетті қабірлерге тағзым етудің мұсылмандық ережелерінен туындайды: зиярат етушінің беті сағанаға, арқасы құбылаға қарауға тиіс болған. Оның ұзындығы 3 м. 90 см., ені 1 м. 30 см., биіктігі 1 м. 20 см. Қабаттас, көлемі 5,4м х 5,4 м. Бөлм