Тұңғыш қазақ дипломаты және репрессия құрбаны Төреқұлов кабинетін білесіз бе?

Тұңғыш қазақ дипломаты және репрессия құрбаны Төреқұлов кабинетін білесіз бе?

ашық дереккөзі

Нәзір Төреқұловтың жұмыс үстелі мен орындығы Әнел Төреқұлованың музейге табыстаған құнды заттарының бірі әкесінің жұмыс үстелі мен орындығы. Жұмыс үстелі арнайы қолдан қызыл ағаштан ойып жасалған. Үстелдің жеті суырмасы бар. Әр тартпасы темірмен бедерленіп жасалған. Орындықтың отыратын бөлігі былғарыдан жасалған. Орындық та, үстел де қою қызыл-қоңыр түспен сырланған. Жұмыс үстелінің аяқтары мен орындықтың өзіне тән өте сәнді бейнеленген өрнектері оны ерекше етіп көрсетеді. Жұмыс үстелінің бойы – 100, ұзындығы – 55, ені – 60 см. Орындықтың биіктігі – 105, ені – 50 см құрайды.  width= width= Нәзір Төреқұловтың жұмыс кабинетіндегі қолданған сиясауыты Жұмыс үстелінің үстінде сиясауыт тұр. Сиясауыттың төменгі бөлігі мрамордан құйылған. Ал сиясауыттың құтысы пластмассадан жасалған. Жазу үшін арнайы құстың қауырсыны пайдаланылған.  width= Нәзір Төреқұловтың патефоны Патефон (пате – француз фирмасының аты және грекше phone – дыбыс) – граммафон пластинкасынан дыбыс шығаруға арналған механикалық-акустикалық аппарат. Патефонды дыбыс жазу әрі оны қайта шығару үшін пайдаланады. Осындай патефонның бірі Нәзір Төреқұловта да болған екен. Патефон қызыл-қоңыр түсті. Сыртында Коломенский зауытында жасалған және «Грампласттрест» деп жазылған өткен ғасырға тән дүние.  width= Нәзір Төреқұловтың әкесі Төреқұлдың қолданған құманы Құман, құмған - қолға су құюға арналған ыдыстың түрі. Қарттар мен жасы үлкен адамдардың қолына құманмен су құйып, батасын алу жастар үшін әдептілік, ибалық белгісі болып есептеледі. Сәндік бұйым ретінде күмістен, алтыннан, жезден жасалып, сырты түрлі ою-өрнектермен әшекейленеді. Кейбір шеберлер құманға салынған ою-өрнекті оның астына қоятын тұғырына сәйкестендіріп бедерлейтін болған. Құман Нәзірдің әкесі Төреқұлдан қалған. Арнайы мыстан құйылып жасалған бұйым. Ұстайтын тұтқасы жоқ, сол себепті мойын тұсын ұзынша етіп жасаған. Құман мыстан жасалған, тат басқан ескі дүние.  width= Нәзір Төреқұловтың қолсандығы Сандық – киім-кешек тағы басқа заттарды салуға арналған үй жиһазы. Қолсандық ағаштан және тері материалдарынан, тағы басқалардан жасалатын болған. Нәзірдің қолсандығын қызы Әнел музейге табыстаған. Ағаш қолсандық арнайы желімдеу арқылы жасалған. Нәзірден қалған қолсандық фанерадан жасалған, ескі бұйым.  width= Нәзір Төреқұловтың қызы Әнелден қалған сурет ( картина) Нәзірдің қызы Әнелдің музейге сыйға тартқан «Улица Разина» деген картинасында Разин көшесі және оның бойындағы шіркеулер бейнеленген. Көшеде әрлі-берлі жүрген жеңіл көліктер мен көрме (выставка) алдында жиналған халықты көруге болады. Сурет салуда суретші сұр, қара түстерді пайдаланған.  width= Нәзір Төреқұловтың мүсіні Мүсін, мүсіндеу, скульптура – бейнелеу өнерінің бір түрі. Мүсін қатты немесе пластикалық материалдардан жасалады, негізінен адамды (кейде жан-жануарды) бейнелейді. Мүсіннің тарихы ертеден бастау алады. Көптеген халқына белгілі, еңбегі сіңген адамдардың мүсінін жасау ертеден қалыптасқан. Музейде Нәзір Төреқұловтың мүсіні бар. Нәзірдің мүсіні гипстен құйылып жасалып, қола түстес түске боялған. Мүсін музейге Этно Дизайн-Қазақ АҚ-тан келіп түскен.  width= Нәзір Төреқұловтың портреті Нәзір Төреқұловтың портретін  музейдің ашылуына орай Этно Дизайн-Қазақ АҚ сыйлаған Майлы бояумен бейнеленген сурет  Нәзір Төреқұловтың соңғы түскен фотосына қарап салынған.  width= Нәзір Төреқұловтың атына берілген Алтын медаль Алтын медаль Сауд Арабиясы корольдігінің 100 жылдығына арналып шығарылған. Нәзір Төреқұлов музейіне арнайы берілген сый.  width= Күміс медаль «Личность Петербурга» Нәзір Төреқұловтың атына берілген «Личность Петербурга» атты күміс медаль. 2015 жылы наурыз айында ресейлік актер, жерлесіміз Кентау қаласының тумасы Шерхан Абилов Нәзір Төреқұловтың атына «Личность Петербурга» атты Ресей елі тарапынан күміс медальды Нәзір Төреқұлов музейіне табыс еткен.  width=

Омар ЖЕКСЕНБАЕВ,

Түркістан облысы «Ұлы Дала Елі Орталығына» қарасты

Нәзір Төреқұлов музей  филиалының меңгерушісі

Жүктелуде...