Жаңалықтар

Геология саласына үлес қосып келе жатқан нәзік жандылар

Былтыр Қазақстан халқына Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жер қойнауын пайдалану саласы, әсіресе геологиялық барлау мен жер қойнауын кешенді зерттеу тұрғысынан жаңа серпінге мұқтаж. Инвесторлардың сапалы идеологиялық ақпаратқа қолжетімділігін кеңейту қажет. Бұл үшін ведомствоға бағынышты ұйым негізінде Ұлттық геологиялық қызмет құру керек», - деп айтқан болатын. Бүгінгі күні геологиялық жұмыстарды жетілдіру басты талап. Осыған орай жер қойнауын пайдалану және геология саласында қызмет етіп келе жатқан нәзік жандылардың еңбегі жайлы ақпарат ұсынамыз. Бүгінгі күні геология саласы экономиканың негізі болып отыр. Жүйелі геологиялық зерттеулердің ар­қасында еліміз көптеген өнеркәсіп сала­лары үшін даму базасына ие болды. Ер азаматтармен қатар жер қойнауын зерттеп, ел экологиясына үлес қосып келе жатқан нәзік жандылар да көп кездеседі. Солардың бірі – «Центргеолсъемка» ЖШС жетекші геологы Иверская Анастасия Петровна . Ол «Центргеолсъемка» ЖШС-ға алғаш рет студент-практикант ретінде 2004 жылы келіп, Тектұрмас партиясының құрамында «2004-2007 жылдары М-42-XXX, XXXVI, M-43-XXV аумағында ГДП-200 өткізу» объектісінде жұмыс істеді.  width= 2005 жылы ҚарМТУ-ды тау-кен инженер-геологы мамандығы бойынша бітіргеннен кейін, осы объектіде алдымен геолог ретінде, содан кейін жетекші геолог ретінде жұмыс істеді. А.П. Иверская 2006-2008 жылдары Қарағанды кенді ауданының аумағында 1:200000 масштабтағы алаңды геологиялық жете зерттеу объектісінде Амантөбе партиясында жұмыс істеді. Содан кейін есеп жазуға қатысты. Көптеген аудандарға зерттеу жасаған ол Ақсу-Жолымбет партиясында «Байлысты-Ақсу-Жолымбет алаңы шегінде 1:200 000 масштабтағы геологиялық-минерагендік картаға түсіру» объектісінде жұмыс істеді.  width= Қарағанды облысы парақтарының болжамды ресурстарын бағалай отырып, геологиялық жете зерттеуді орындау жобасын жазды. Негізгі автор ретінде жоғарыда аталған нысандар бойынша есептер жазып, қорғады. 2017-2019 жылдары Анастасия жауапты орындаушы ретінде бірден екі «М-43-XXII, XXIII (Қарағанды облысы) парақтарының болжамды ресурстарын бағалай отырып, геологиялық жете зерттеу» және «ГДП-200 жұмыс нәтижелері бойынша масштабы 1:200 000 Қазақстан Республикасының мемлекеттік геологиялық картасының Жезқазған-Сарысу сериялы аңызын жасау» объектілерінде жұмыс істеді. Екі жұмыс та есеп берумен аяқталды. 2020 жылы «Жезқазған ойпаты шегіндегі Күлен учаскесінде іздеу жұмыстарын жүргізу» және «Жезқазған ойпатының оңтүстік-шығыс бөлігінде іздестіру жұмыстарын жүргізу» объектілері бойынша есеп жазуға қатысты, сондай-ақ «Екінші буындағы Мемгеолкартаны жасау және басып шығару, Сарысу-Теңіз сериясының сериялық аңызын жасау» объектісі бойынша жұмыстарды орындауға жоба жазды.  width= Қазір А.П. Иверская «Центргеолсъемка» ЖШС-де «Екінші буын Мемгеолкартасын жасау және басып шығару, Сарысу-Теңіз сериясының Теңіз және Сарысу кіші топтамаларынан тұратын сериялы аңыз жасау» объектісі бойынша жауапты орындаушы болып жұмыс істейді. Анастасия Иверская «Қазақстан фанерозойының стратиграфиялық схемаларын біріздендіру жөніндегі стратиграфиялық кеңес» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының қатысушысы. Осынау еңбектеріне орай ол Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Алғыс хатымен және ҚР Өндірістік геологиялық ұйымдар қауымдастығының «Құрметті геолог» белгісімен марапатталды. Анастасия Иверская өзін жан-жақты дамыта білген маман. Ол өз кәсібін спорттық мансаппен тамаша үйлестіре алады. Анастасия каратэ-додан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қара белбеу иегері. Ол каратэден көптеген спорттық чемпионаттардың жүлдегері және қазір жаттықтырушы ретінде балаларды карате-до секцияларында жаттықтырады. Пайдалы қазбаларды зерттеп, осы саланың көркеюіне өлшеусіз үлес қосып келе жатқан Магретова Людмила Ивановна туралы айтпай кетуге болмас.1955 жылы Пенза қаласында дүниеге келген ол 1972-1977 жылдары Мәскеу мемлекеттік университетінде М.В. Ломоносов атындағы тарихи және аймақтық геология кафедрасында оқыды. Университетті бітіргеннен кейін бөлу бойынша орталық геологиялық-геофизикалық экспедициясында жұмыс істеді.  width= Ол Ерейментау және Бозшакөл құрылымдық-формациялық аймақтарының артикуляциялық бөлігінде ГҚК-50 бойынша жұмыстарды өз бетінше орындады. Осы кезде алғаш рет Орталық Қазақстан үшін петрографикалық тұрғыдан сирек кездесетін интрузивтік кешендер егжей-тегжейлі зерттелді. 1994 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының Жер қойнауын кешенді игеру мәселелері институтына жұмысқа ауысып, ол жерде «Петрография» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.  width= 2002 жылдан 2004 жылға дейін тау-кен және экономикалық консалтингте мыс құрамы бойынша материалдар жинаумен және Орталық Қазақстандағы мыстың перспективалық бағыттарын анықтаумен айналысты. 2004 жылы «Центргеолосъемка» ЖШС геологиялық түсіру жұмыстарына ауысты, ол жерде Людмиланың басшылығымен Тектұрмас, Баянауыл және Ерейментау аудандары бойынша жұмыстар орындалды. Жұмыстарды орындау кезінде төменгі және орта палеозойдың флорасы мен фаунасы бар ондаған жаңа нүктелер анықталды, аудан жыныстарының петрографиялық-петрохимиялық ерекшеліктері зерттелді, формациялық талдау негізінде таңдалған геологиялық және материалдық кешендердің қалыптасуының палеодинамикалық шарттары қалпына келтірілді. Бұл палеозой дәуіріндегі аймақтардың даму тарихы мен металлогениясы туралы қазіргі идеяларды нақтылауға және түзетуге мүмкіндік берді.  width= Л.И. Магретованың жетекшілігімен алғаш рет «Орталыққазжерқойнауы» өңіраралық департаменті Бозшакөл құрылымдық-металлогендік аймағының және Байлысты-Ақсу-Жолымбет алаңының геологиялық-минерагендік картаға түсіру бойынша жұмыстар жүргізілді. Осы аймақтар үшін жұмыс барысында минерагендік факорлар мен зерттелген кен түзілімдері үшін іздеу белгілері сипатталған геодинамикалық негізде минерагендік карталар жасалды. Теңіз-Қоржынкөл ойпатында зерттеу жүргізген кезінде трапп типті базит-ультрабазит кешені анықталды. Л.И. Магретова «Жезқазған ойпатының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі іздеу жұмыстары», «1:200 000 масштабтағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік геологиялық картасының Ұлытау сериялы парақтарының аңызын жасау» геологиялық есептерінің авторы. 2020-2021 жылдары Қ.И. Сәтпаев атындағы Геология ғылымдары институтымен бірлесіп «МСМ-2016 халықаралық хроностратиграфиялық схемасы негізінде Қазақстанның фанерозойының стратиграфиялық схемаларын жаңғырту» нысаны бойынша жұмыстарға қатысты. Қазір Людмила Ивановна «Екінші буын Мемгеолкартасын жасау және басып шығару, Екібастұз және Қарағанды кіші серияларынан тұратын Сарыарқа сериясының сериялық аңыздарын жасау» есебімен жұмыс істеуде. Л.И. Магретова өзінің білімі мен тәжірибесін үнемі жас геологтармен бөлісіп, бағыт беріп отырады. Білгенін үйретуден жалықпайтын ол өз экспедициясының әрбір жас маманына анасындай қамқорлық жасайды. Бүгінде Людмила Ивановнаның шәкірттері Қазақстанның көптеген геологиялық компанияларында жұмыс істейді. Оның кәсіби қызметі барысында петрографиялық-петрохимиялық деректердің үлкен көлемін тарта отырып, Орталық Қазақстанның стратиграфиясы, металлогениясы және геодинамикасы бойынша 17-ге жуық есеп пен 30 мақала жазылды. Л.И. Магретова «Мамандыққа адалдығы үшін» медалімен, «Жер қойнауын барлау үздігі» төсбелгісімен, «ҚР Жер қойнауының құрметті барлаушысы» дипломымен және төсбелгісімен, сондай-ақ «Жұмыстар циклі үшін» «Академик Ш.Е. Есенов сыйлығының лауреаты» дипломымен марапатталды.  width= Жаны нәзік болса да ерлермен иық тірестіре ел геологиясына үлес қосып келе жатқан жандардың бірі – Сәлімова Гүлнұр Қиарыстанқызы. Ол бұл салады 20 жылға жуық уақыт жұмыс істеп келеді. Гүлнұр Қиырастанқызы Семей геологиялық барлау колледжін бітіргеннен кейін 2002 жылы «Центргеолсъемка» ЖШС-не техник-геолог ретінде жіберіледі. 2006 жылы «Центргеолсъемка» ЖШС-де жұмыс істей жүріп, тау-кен инженер-геологы мамандығы бойынша Қ.И. Сатпаев атындағы Қазақ техникалық университетін тәмамдайды.  width= Гүлнұр Сәлімова өз саласында қажетті кәсіби білімге ие, далалық геологиялық барлау жұмыстарын жүргізудің әдістемесі мен техникасын жақсы меңгерген, барлау маршруттары мен далалық бақылаулардан өтуде мол тәжірибесі бар маман. 2016 жылдан бастап ол «Центргеолсъемка» ЖШС Геология бөлімінің басшысы болып жұмыс істейді. Бөлім басшысы ретінде геологиялық қамтамасыз ету мен геологиялық барлау жұмыстарының сапасын бақылау, сондай-ақ кәсіпорынның геологиялық қызметінің жұмысын ұйымдастыру және бақылау бойынша көптеген жұмыстарды жүргізеді.  width= «Центргеолсъемка» ЖШС-де жұмыс істеген сәттен бастап Қызылшоқы кен орнындағы іздестіру жұмыстарына қатысты. Техник-геолог ретінде іздеу және карталау ұңғымаларының негізгі сынамаларының бастапқы геологиялық құжаттамасын, арықтардың сипаттамасын жүргізді. Гүлнұр Сәлімованың іздестіру, барлау жұмыстары өте көп. Ол Оңтүстік Жекедуан, Бай учаскелеріндегі іздестіру жұмыстары, Батыс Құмола учаскесіндегі өңірлік геологиялық-түсіру және іздестіру жұмыстарына қатысу, «Жезқазған ойпаты шегіндегі Күлен учаскесіндегі іздестіру жұмыстары», «Жезқазған кен шегіндегі Жартас учаскесінде мыс кенденуін анықтау мақсатында іздестіру жұмыстарын жүргізу», «Жезқазған ойпатының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі учаскедегі іздестіру жұмыстары», «Борсеңгір учаскесіндегі іздестіру жұмыстары» сияқты бірқатар зерттеулерге тікелей қатысқан.  width= Бүгінде ол Геология бөлімнің басшысы болып, геологтардың жұмысын үйлестіріп қана қоймай, жобаларды құрастыруға және геологиялық есептерді қорғауға өзі де қатысады, сондай-ақ, дала жұмыстарына да жиі шығады. Гүлнұр Киарыстанқызы Семей геологиялық барлау колледжі мен ҚарМТУ мүшесі және осы оқу орындары түлектерінің дипломдық жобаларын қорғауға қатысады. Г.Қ. Сәлімова атқарған қызметі мен зор еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің, ҚарМТУ-дың Алғыс хаттарымен және «Қазақстан Республикасының өндірістік геологиялық ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ-ның «Құрметті геолог» белгісімен марапатталды.  width= Біз геология саласының дамуына зор үлес қосып келе жатқан осындай майталман мамандарды мақтан тұтамыз. Еліміз көптеген пайдалы қазбаларды өндіруде әлемнің нарықтағы жетекші елдердің бірі болып отырғаны да осындай ерен еңбек иелерінің арқасы.

Құралай ЖҰМАХАН

www.inform.kz