Жұрттың баласы! Қырғыз футболшысы шетелдік футбол клубқа ауысты

Жұрттың баласы! Қырғыз футболшысы шетелдік футбол клубқа ауысты

ашық дереккөзі

Футболдан қырғыз елінің ұлттық құрамасының қорғаушысы Айзар Акматов Бангладештің «Шейх Руссел» клубына ауысты. Бұл туралы sputnik.kg сілтеме жасаған newsroom.kz порталы жазады. 23 жастағы қорғаушы енді 34 нөмірмен ойын алаңына шығады. Оған дейін ол қырғыз елінің «Дордой» клубында ойнаған. Осы клубта 64 ойын өткізген Акматов 2 гол соққан. Бангладешке еркін агент ретінде кеткен оны Азия клубы тегінге алған. Яғни, ол еркін агент болғаны үшін тікелей келісім-шартпен Бангладешке кеткен.

Жапонияда өткен 2022 жылға Әлем чемпионатына іріктеу барысында Айзер Акматов Моңғолиямен өткен ойында қақпашының да рөлін алып шыққанымен танылған. Себебі, сол матчта ковидке күдікті деген қақпашылар ойын алаңына шықпаған. 0:1 есебімен моңғолдардан жеңілген қырғыз ағайындар Әлем чемпионатынан қағылып, 2023 жылы өтетін Азия ойындарына таласуда.
Бангладеш мемлекетінің негізін қалаушылардың бірі Шейх Русселдің есімін иеленген клуб Дакка қаласында орналасқан. Айтқандай, қазақ футболшылары қашан Әлемдік клубтарға барады? Өткенде ғана «Ромада» ойнайтын өзбек футболшысын жазып ек. Әлде біздің футболшылар Еуропаға қайта-қайта барып, ұтылып келе бере ме?

Жүктелуде...