Әлем

Жұрттың баласы! Өзбек футболшысын «Рома» 17,5 млн еуроға сатып алды

Бір жылдың ішінде он млн еуро пайда әкелген ол енді 14-ші нөмірмен Римда доп тебеді!

Өзбекстан ұлттық құрамасының және италиялық «Дженоа» клубының ойыншысы Элдор Шомуродовты римдік «Рома» клубы тақырыптағыдай суммаға сатып алды.

Бұл туралы uz.sputniknews.kz басылымына сілтеме жасаған newsroom.kz порталы жазады. 26 жастағы Шомуродов өткен жылы ғана ресейлік «Ростов» клубынан «Джеоноға» 7,5 млн еуроға сатылған болатын. Бір жылдың ішінде он млн еуро пайда әкелген ол енді 14-ші нөмірмен Римда доп тебеді! Қазақстанда шетелдік легионер футболшылар емес, қазақ футболшылары әлемдік клубтарда қашан доп тебеді екен?

Элдор Шомуродов Өзбекстанның Сурхандария облысында туған. Әкесі, ағасы және әкесінің ағасы да футболшы. Алты жасынан бастап футболмен кәсіби түрде айналысады. 2019 жылы Ресейдің ең үздік 33 футболшысының қатарына кірген. Юниорлар арасында Орталық Азия чемпионы.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.7 / 5. Бағалар саны: 10

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.