Тәжікстан вакцинациялауды міндеттеген бірінші ел болды

Тәжікстан вакцинациялауды міндеттеген бірінші ел болды

ашық дереккөзі

 width= Тәжікстан вакцинациялауды міндеттеген ТМД-дағы бірінші ел болды деп жазады @worldprotest телеграм арнасына сілтеме жасаған newsroom.kz тілшісі. Аталмыш каналдың жазуынша тәжік елінде жасы 18 толған әрбір ел тұрғыны міндетті вакцинаны ала-алады. Тәжікстан билігі әзірген үнділік AstraZeneca мен қытайлық CoronaVac екпелерін алуға міндеттеген. Одан бөлек Avesta басылымының жазуынша АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісінің экономика жөніндегі орынбасары Мэтт Маримен Вашингтонда кездескен тәжік елінің экономикалық даму және сауда министрі Завки Завкизода АҚШ тарапынан Pfizer және Moderna вакциналарымен қамтамасыз етуге көмек сұраған. Әзірге АҚШ тарапы USAID желісі арқылы 46,5 млн доллар көлемінде көмек қарастырған.

Жүктелуде...