Өлі деп танылған мотоциклші мәйіттерге арналған қапқа салынғаннан кейін тірілген

Өлі деп танылған мотоциклші мәйіттерге арналған қапқа салынғаннан кейін тірілген

ашық дереккөзі

 width= Дәрігерлер өлді деп саналған мотоцикл жүргізушісі, мәйіттерге арналған қапқа салынған кезде тіріліп кетті.  Бұл туралы newsroom.kz тілшісі Metro басылмына сілтеме жасап хабарлайды. 71 жастағы бразилиялық Раймундо да Силва (Raimundo da Silva) жұмысқа мотоциклмен бара жатқан кезде әлсіздік сезінген. Бірнеше секундтан кейін ол есінен танып, жолға құлаған. Оқиға орнына келген дәрігерлер ер адамның өлімін анықтап, оны мәйіттерге арналған қапқа салып, кетіп қалған. Алайда оқиға туралы сюжетті түсірген жергілікті телеарнаның тілшісі Джованни Перейра сөмкенің қозғалып жатқанын байқап, бұл туралы полицияға айтқан.

"Олар қапты ашқанда, мен ер адамның тірі екенін түсіндім. Мен оған бірден жасанды тыныс алу жасадым", - деді Перейра.
Журналист  дәрігерлер қайтып келгенше Силваның реанимациясымен айналысты. Олар "тірілген" адамды ауруханаға жеткізді.  Қазір оның жағдайы туралы ештеңе айтылмаған.

Жүктелуде...