Алматылық “Қайраттың” ойыншысы сағатына 21 мың теңге табады

Алматылық “Қайраттың” ойыншысы сағатына 21 мың теңге табады

ашық дереккөзі

 width= - Мына жігітке күніне 505 мың теңге төленеді. Алматылық «Қайрат» сатып алып жатыр. Камерундық Маки Баньяка жылына 360 мың еуро жалақы алады - деп жазды белгілі журналист Асылан Қаженов өзінің фейсбук парақшасында. Оның жазуынша - теңгеге айналдырғанда айына 15 миллион, күніне 505 мың, ал, сағатына 21 мыңнан келеді - екен. Одан әрмен А.Қаженов жазбасын - яғни, ол ұйықтап жатса да, сиіп-тышып жатса да сағатына 21 мың теңгеден жүре береді. Еще бұл - бір жарым жыл жарытып алаңға шықпаған ойыншы - деп жалғастырады. - Сербиялық клубтан ауысқаны үшін плюс 500 мың еуро тағы беру керек - деген Асылан Қаженов постының соңын - ал, ақшаның қайдан алынатынын түсініп отырсыздар. Вообщым, пзц - деген эмоциялық жазбамен аяқтаған. Қазір аталмыш желі әлеуметтік желіде қызу талқылануда. Ескерту: жазбаны көшіріп басу барысында түпнұсқа текст сақталып беріліп отыр.

Жүктелуде...