Алматыда үй жалдаушылар пәтер иесін өлтіріп тастады 

Алматыда үй жалдаушылар пәтер иесін өлтіріп тастады 

ашық дереккөзі

 width= Алматыда үй жалдаушылар баспананың иесін өлтіріп тастады. Сұмдық оқиға Алатау ауданындағы жер үйлердің бірінде болған. Бұл туралы newsroom.kz тілшісі «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.  Полицейлердің мәліметінше, ер адам мен әйел бір бөлмені жалға алған. Үй қожайыны оларға ішімдік ішіп, шулауға болмайтынын айтып, өз шаруасымен кетіп қалыпты. Алайда, ескертуге құлақ аспаған екеу әбден ішіп, баспананы басына көтерген көрінеді. Біраз уақыттан соң қайтып оралған үй иесі бұған ашуланып, әлгілермен сөзге келіп қалған. Оның арты жанжалға ұласыпты. Сол кезде келіншек үстелде жатқан пышақты алып, 50 жастағы ер адамға сұғып алған. Алған жарақаттан ол сол жерде тілге келместен көз жұмды. Қашып кеткен күдіктілер ұсталды. Екеуі де удай мас болған. Бұл қылмысқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жүктелуде...