Түркиядағы қазақ қызы анасын өлтіріп көміп тастағаны рас па?

Түркиядағы қазақ қызы анасын өлтіріп көміп тастағаны рас па?

ашық дереккөзі

 width= Измирдің Бука қаласында тұрып жатқан Қазақстан азаматы 55 жастағы Гулистан Айдорованы өлтіріп, үйдің бақшасына көміп тастады деп айыпталған 29 жастағы қызы Эмине Айдорова қылмыс жасағанын мойындады деп хабарлайды newsroom.kz. тілшісі cumhuriyet басылымына сілтеме жасап. Йылдыз көшесіндегі 3 қабатты үйдің тұрғындары жағымсыз иіс шыққан соң полицияға хабар берген. Олар қазба жұмыстары кезінде пластик жәшікке салынған әйелдің денесін тапқан. Тергеу барысында ол Эмине Айдорованың анасы екені анықталды. Қызы сол үйдің бірінші қабатында Ахмет Д. есімді ер адаммен тұрып жатқан. Кісі өлтіруге қатысы бар деген күдікпен қызы мен Ахмет Д.  қамауға алынды. Тергеу барысында анықталғандай анасы қызы Эмине Айдорованың тұрып жатқан жігітінен кетуін қалаған. Осыған байланысты екеуінің арасында жанжал туындаған. Полиция жауап алған кезде Эмине Айдорова Ахмет Д, есімді жігітінен кетуін өтінгені үшін анасын өлтіргенін айтты. Бірақ бұл жайында оның жігіті хабарсыз болған.

Фират Люлечи, үйдің тұрғыны: Соңғы екі күн бойы біз жағымсыз иісті сездік. Біз құс өліп қалды ма деп ойладық.
Әзірге күдіктілерден жауап алынуда. Полиция Гулистан Айдорованың өліміне Ахмет Д. қатысы бар жоғын анықтау мақсатында жұмысты жалғастыруда.

Жүктелуде...