Қажымұқан Мұңайтпасұлының тарихи өнерін ШҚО атлеттері қайталады

Қажымұқан Мұңайтпасұлының тарихи өнерін ШҚО атлеттері қайталады

ашық дереккөзі

 width= Шығыс Қазақстан облысының атлеттері Batyrs' Battle сайысында ең мықты атану үшін күш сынасты деп хабарлайды  «Қазақстандық Спортшылар одағы» РҚБ баспасөз бөлімі. 27 маусым күні Өскеменде өткен сайыста әр ауданнан 8 атлет жиналды. Қатысушылар төмендегідей бөлімдер бойынша күш теңестірді: • Биіктікке қап көтеру • Бөрене көтеру • Тас көтеру • Металдан жасалған шыбық майыстыру • Белдесу  width= Жоба авторы, белгілі атлет, ҚР мәдениет және спорт министрлігінің амбассадоры Сергей Цырульников сайыстың мұндай бөлімдерден тұруы тектен тек емес, бір кездері Қажымұқан Мұңайтпасұлы дәл осы сайыстардан өзі өткенін айтқан еді.

«Бұл тек спорттық емес, мәдени шара. Сол арқылы біз Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығын атап өтеміз, ал батырларымыз палуанымыздың ізімен жүріп көреді. Одан бөлек, шараның тәрбиелік мәні де бар. Біз бабамыздан қалған дәстүрді жас ұрпаққа жеткізіп, мұндай спорт түрлерін сақтауға тырысудамыз», - деген еді Сергей Цырульников.
 width= Қазақстандық спортшылар одағы аталмыш шара ұйымдастырушылары. Бағдарлама Мәдениет және спорт министрлігінің, АО "Сәтті Жұлдыз" және туризм мен спортқа қаржылық қолдау көрсететін "Sportqory" қолдауымен жүзеге асуда.  width= Өскеменде Batyrs' Battle белдігі греко-рим күресі бойынша ҚР спорт шебері, Азия чемпионатының жүлдегері Салауат Ахметқалиге бұйырды. Сайыстың қалған қатысушыларына марапат медальдары мен алғыс хаттары табысталды. Сайыс нәтижесі бойынша қатысушылар төмендегідей орындарды иеленді: 1 орын – Салауат Ахметқали (бойы - 178 см, салмағы - 118 кг) 2 орын – Александр Никитин (бойы - 188 см, салмағы - 115 кг) 3 орын – Максим Осипов (бойы - 178 см, салмағы - 118 кг) 4 орын – Манат Ешмуратов (бойы - 178 см, салмағы - 118 кг) 5 орын – Роман Каунов (бойы - 180 см, салмағы – 97,50 кг) 6 орын – Алексей Сизов (бойы - 174 см, салмағы - 98 кг) 7 орын – Евгений Епифанов (бойы - 185 см, салмағы - 115 кг) 8 орын – Евгений Борисов (бойы - 178 см, салмағы - 106 кг) Шара соңында Қазақстандық Спортшылар одағының төрағасы Азамат Қарлығашев құттықтау сөзін айтты.
«Одақ атынан сайыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін шын жүректен құттықтаймын. Бұл спорт түрінің ел арасында дамығанын қалаймыз,  өйткені бұл тек салауатты өмір салтын насихаттау емес, бабамыздан қалған дәстүрді ұрпаққа мұра етіп қалдыру», - деп сөзін жалғады одақ төрағасы.
Азамат Қарлығашев екі жеңімпаз республикалық сайыстың Нұр-Сұлтан қаласында өтетін ақтық кезеңінде өнер көрсете алатынын айтты.   width= Анықтама: Batyrs Battle - қазақы бояуы қанық ерлік күш бағытында салауатты өмір салтын қолдау әрі насихаттауды жүргізу үшін ұйымдастырылып жатқан күш теңестіретін көпсайыстан тұратын турнир.  Оған қоса, Президентіміздің жалпы спорт түрлері мен ұлттық спорт түрлерін дамыту жолдауының аясында ұлттық мәдениет, тарих пен дәстүрді жасөспірімдер мен жастарымыздың бойына сіңіру үшін ұйымдастырылуда.  "Batyrs Battle" сайысы Қазақстанның 4 қаласында жоспарланған:  27 маусым атлеттерді Өскемен қаласы қарсы алса, ары қарай Ақтөбе,  Түркістан және Нұр-Сұлтан қалаларында өтеді. https://www.youtube.com/watch?v=lBUnxvIYRyY

Жүктелуде...