«Қазақстан полициясы күніне» орай 100-ден астам полицей марапатталды

«Қазақстан полициясы күніне» орай 100-ден астам полицей марапатталды

ашық дереккөзі

 width=
«Қазақстан полициясы күніне» 29 жыл толуына орай Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен салтанатты шара өткізілді. Мерекелік шарада ішкі істер органдарының ардагерлері мен жеке құрамды марапаттау рәсімі болды.
 width=
Аталған шараға Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Асылжан Қалдарбеков, аппарат жетекшілері, полиция департаментінің жеке құрамы, ішкі істер органдарының ардагерлері, қызметтік міндеттерді орындау кезінде қайтыс болған полицейлердің жақындары мен туған-туыстары және басқада құрметті қонақтар қатысты.
 width=
Мерекелік іс-шара барысында өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгендері үшін: ҚР ІІМ тарапынан 21 полицейге түрлі дәрежедегі марапаттар ұсынылса, Түркістан облысы Полиция департаментінің Грамотасымен 10-нан астам полицей марапатталып, 50 қызметкерге алғыс жарияланды.
Облыстық Полиция департаментінің басшылығы тәртіп сақшыларын кәсіби мерекелерімен құттықтап, барлығына мықты денсаулық, бейбіт өмір, отбасына береке, қызметтеріне толағай табыс тіледі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жүктелуде...