Елордада вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтер ұтысы болмақ

Елордада вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтер ұтысы болмақ

ашық дереккөзі

 width= Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында пәтер ұтысының ойынына осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алатын 18 жастан асқан қала тұрғындары қатыса алатынын мәлім етті, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін қала халқының 60%-дан астамы вакцинациялануы қажет. Санитарлық дәрігерлер карантиндік қосымша шектеулер туралы жаңа қаулы дайындауда: қауіп-қатер тобы үшін вакцинация міндетті, вакцинацияланбаған қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеу режиміне көшіру және т.б. талап етіледі. Қала тұрғындарын ынталандыру үшін бағалы сыйлықтардың ұтыс ойынын енгізіп жатырмыз. Ал жаңадан вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатпақпыз (инвесторлар есебінен). Ұтыс ойынына қала емханаларында немесе СОО/СҮ пункттерінде екпе алған қала тұрғындарының бәрі қатыса алады.

Ал пәтер ұтысының ойынына осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алатын 18 жастан асқан қала тұрғындары қатыса алады. Қыркүйек айының басында нәтижесін жариялаймыз. Конкурстың әділ өтуі және вакцинацияланғандарды толығымен қамту үшін (көрсетілген кезеңде) IT-қоғамдастықты жұмылдырамыз, деді қала әкімі.
Айта кетейін, бұған дейін «MEGA Silk Way» СОО вакциналанғандар арасында автокөлік ұтыс ойыны өтетінін хабарлаған. Сол сияқты СОО/СҮ пункттерінде вакцинацияланғандар арасында компьютерлік және тұрмыстық техникалардың, iPhone смартфонының ұтыс ойындары ойнатылады.

Жүктелуде...