Канадада көлік жүргізушісі мұсылман отбасын қасақана қағып кеткен

Канадада көлік жүргізушісі мұсылман отбасын қасақана қағып кеткен

ашық дереккөзі

 width= Канада премьер-министрі Джастин Трюдо жексенбі күнгі оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ол өшпенділік қоғамның жегі құрты екенін еске салды. Маусымның 6-сы күні осы елдің Онтарио провинциясындағы Лондон қаласында көлік жүргізушісі мұсылман отбасын қасақана қағып, төрт адам қайтыс болды. 20 жастағы жергілікті тұрғынның жантүршігерлік әрекеті қатаң айыпталды. Ол дереу ұсталып, 4 бірдей бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Егер оның әлеуметтік топқа өшпенділіктен әрекет еткені дәлелденсе, лаңкестік жасады деген айып тағылуы мүмкін. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Жүктелуде...