Маникюр құнына көңілі толмаған әйел салон иесіне оқ атқан

Маникюр құнына көңілі толмаған әйел салон иесіне оқ атқан

ашық дереккөзі

 width= Тырнағын дұрыстатуға келген Техас тұрғыны қызмет бағасына шүйлігіп, салон иесіне оқ атқан. Полиция қызметкерлеріне Техас штатының Харрис округіндегі салонда болған атыс туралы ақпарат түскен. Сол жерде 42 жастағы ер адам жарақат алған күйінде табылған. Ал атыс ұйымдастырған әйел оқиға орнынан қашып кеткен.

«Тергеушілер апалы-сіңлілер мекемеге кіріп, маникюр және педикюр жасағанын мәлімдеді. Екі әйел де қызметтің бағасына наразы болып, салон иесімен дауласқан», - деп хабарлады Харрис округінің шериф кеңсесі.
Ер адам ауруханаға жеткізілген, оның жағдайы ауыр деп бағаланып, әйелдердің біріне айып тағылды.

Жүктелуде...