«ASHYQ» ашық па?

«ASHYQ» ашық па?

ашық дереккөзі

 width= Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы шықты. Енді АШЫҚ қосымшасын қолданатын кәсіпкерлік және қоғамдық әлеуметтік нысандарының саны артпақ. Қоғамдық тамақтану, дәмхана, Караоке, бильярд, сауна, бассейн, спа орталықтары, боулинг, плэйстэйшн,  компьютерлік клубтардың қатарын енді көрмелер, концерт залдары, көрермендердің қатысуымен спорттық шаралар да толтырмақ. Оның сыртында облыс және қалааралық туристік тасымалдар да ашық қосымшасын қолдана алады.  Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі «Еуразия»бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Байқасаңыз пандемияға дейінгі қалыпқа біртіндеп оралып келе жатқан сияқтымыз. Айдың соңында Шымкент пен Түркістанның, ал келесі айдан бастап Қостанай мен Ақтау әуежайлары АШЫҚ қосымшасын қолдана бастайды. Ашық қосымшасы туралы қыста айтыла бастады. Бірақ оның не екенін, жұрт күнделікті өмірде қолдана бастағалы енді түсіне бастады. Десе де ол туралы әуелде айтыла бастағанда скептика көп болды. Тіпті осы аптаның өзінде Астана әуежайында бірді-екілі шу болды.  Қызыл жасыл сарымыз, ағайынбыз бәріміз деп күліп едік қыста, оған да жеттік. Қызыл түс індет жұқтырғаннын белгісі, сары - науқаспен контактіде болған, көк түс  індеттен таза. Жасыл түс вакцина алған, кез келген жерге теуіп кіруге болады деген сөз. Мәселен әуежай. Ашық жобасына қосылған соң аэропортқа енді көлденең көк атты кіре алмайтын болды. Арнайы қосымша қызылдарды анықтайды. Қызылдар деп отырғанымыз Ковидке шалдыққандар, індетпен бір аунап тұрғандар. Ашықта вирус жұқтырғандар мәртебесі қызыл түспен айғақталады.

Бекболат  МОЛДАБЕКОВ ҚР  цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігінің департамент директоры  СНХ: Қызылдар 2 жарым мыңнан астам. Сарылар 1800 ден астам».
Бұл Республика бойынша Ашық Кьюар Коды қойылған орындарда анықталғандар. Бұл пилоттық жоба ретінде Кинотеатр, мейрамхана, дәмхана, фитнесс залдары тұғын. Әуежай кейін қосылды. Соның өзін алатын болсақ бір ғана Астанада 50 ден астам қызыл статусты адам анықталған. Бейсенбіде бүйректен сирақ шықты осы Назарбаевтың атындағы әуежайда. Асыққан жолаушы Ашық арқылы статусын көрсетуден бас тартыпты. Қызметкерді ұрып, қымбат джипіне отырып, тайып тұрған деседі, әлеумжелідегі ақпараттар.  
Дәулет ХАМЗИН «Нұрсұлтан Назарбаев» атындағы халықаралық әуежайдың атқарушы директоры Жолаушы Ашық арқылы тексеріп өткізетін жерді айналып өтіп кетпекші болды. Қызметкерлер одан тексеруден өту керектігін талап етіп еді, мінез көрсетіп, шу шығарып, қол жұмсады да бірден қашып кетті. Біз аталған азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартуды талап етіп тиісті орындарға арыз бердік. Жалпы әуелде Ашық қосымшасын түсінбеген жекелеген адамдар мінез көрсеткен жайттар болды. Бірақ дәл мынадай қызметкерді ұрып жіберу алғаш рет орын алып отыр». Әсілінде Ашыққа қарсылар көп болды. Қыста осы жоба туралы алғаш айтыла бастаған тұста адамдарды сары көк, қызыл түске бөлу барып тұрған алалаушылық деп министрліктер үйінің алдын бір шулатып алды жұрт.
Адамдарды вирустық статустына қарай түске бөлуді дискриминация деп ұққан еді сол кезде. Ізінше ғаламтор желісінде азаматтар күмәнді ойларын білдірді.
Дмитрий КАЗАНЦЕВ журналист Монша, хауыз, кинотеатр. Енді біз туралы, барған, жүрген жеріміздің бәрін біліп алатын болдыңыздар. Бірақ онсыз да білесіздер ғой. Жә оны қойшы, көпшілікті мазалаған күмәнді ой мені де мазалайды. Біздің жеке мәліметтеріміз басқа біреулердің қолына тимей ме?»
Дәл осы жеке бас мәліметтері парламент депутаттарын да алаңдатты. Ай бұрын Снежана есімді мәжілісбике бүй деген еді.  
Снежана ИМАШЕВА ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Қолданушылар 3 мыңдай сын ескертпе қалдырды. Ашық қосымшасы кейін өзінің өзектілігін жойған соң ЖСНмен өзге мәліметтер қайда кетеді, қандай мақсатқа жұмсалуы мүмкін?, белгісіз. Қосымшаның өзінің қауіпсіздігі де алаңдатады. Цифрлық даму министрлігінің мәліметінше ол ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі тексерістен өтпеген».
Ал Әуежайдағы төбелес туралы ақпараттың астындағы комментарийлер Риддерде болған өрттен бір кем емес. Ашық қосымшасының басты миссиясы бар. Ол былтырдан бері шатқаяқтап тұрған шағын және орта бизнестің жұмысына жан бітіру дейді цифрлық ведмоство.
Үмітжан АРЫҚБЕКОВА ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі, цифрлық шешімдер департаменті директорының орынбасары сарапшы Көп адамдар ашық қосымшасына сенбейді. Қауіпсіздігі сақталмаған деп айтады. Алайда ол бұлай емес. Ешқандай мәлімет, мысалы сіз қайда бардыңыз, сіз қандай қоғамдық орынға келдіңіз.   Ақпарат ешкімге таратылмайды. Ешқандай үшінші жаққа берілмейді».
Деп сендіріп отыр министрлік. Айтпақшы қосымша істемей, ашық жарықтық ашылмай қалған күндер болды емес пе осы аптада. Оның технологиясы қазір ақпараттық технологиялар Ұлттық операторының құзырына өтті. Әуелде ашық шашық болса, енді жинақы қыламыз дейді. Бірақ әлі идеалға жеткен жоқ. Бекболат МОЛДАБЕКОВ ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігінің департамент директоры: «Бизнес өкілдері жасаған. Көп кісі жүктейді. Пайдаланады дегенге арналмаған жоба етін. Сол себептен млн алты жүз кісіден асқаннан кейін осындай проблемалар басталды.  Біз бұл жобаны мен айтқандай ұлттық операторға ауыстырдық». Бұл көш жүре келе түзеледінің кері. Айтпақшы жұрттан сұрап көрдік. Ашық енді қалай? Хош сонымен Ашық үшін адамдар төрт түсті. Қызыл сары,көк, және жасыл. Айтпақшы соңғысы вакцина паспортының нәтижесінде айқындалады. Ал жеке бас мәліметтеріне күні ертең қол сұғылса, онда азаматтар министрлік пен ақпараттық технологиялар ұлттық операторын сотқа бере алады.   https://www.youtube.com/watch?v=io9bdLcPLJ4&list=PL_blKZJ1z0cBEU6-Gm9_kbbojSy0YzSfo&index=5

Жүктелуде...