Павлодарда Абайдың ескерткішіне жұмыртқа лақтырған жігіт 7 тәулікке түрмеге жабылады

Павлодарда Абайдың ескерткішіне жұмыртқа лақтырған жігіт 7 тәулікке түрмеге жабылады

ашық дереккөзі

 />

Абай ескерткішіне жұмыртқа мен дәретхана қағазын лақтырған Павлодар тұрғыны бұзақылық үшін кінәлі деп танылып, жеті тәулікке қамауға алынды. Павлодардың мамандандырылған әкімшілік соты 21 жастағы жігіттің ісін <a href=қарады. Жас жігіт ұсақ бұзақылық үшін кінәлі деп танылды. Сотта оқиғаның егжей-тегжейі анықталды.

Сотта Павлодар тұрғыны бұл әрекетін мойындады, өкініп, бұзақылық ниетпен әрекет ете отырып, дүкеннен жұмыртқа мен дәретхана қағазын алдын ала сатып алып, Павлодардың орталық алаңына келгенін, онда ескерткішке жұмыртқа лақтырып, дәретхана қағазын айналасына қоқсытып кектенін түсіндірді", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Соттың мәліметінше, жігіт қаладағы ойын-сауық орындарының бірінде бармен болып жұмыс істейді және бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Сот Павлодар тұрғынын кінәлі деп танып, оған 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамау тағайындады. Бұған дейін аталған адам 2018 жылдың қараша айында көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ адам бола отырып, жол - көлік оқиғасын жасағаны және оны тастап кеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған", - деп атап өтті соттың баспасөз қызметі.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.  

Жүктелуде...