Парламент Мәжілісінде жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөнінде заң жобасы талқыланды

Парламент Мәжілісінде жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөнінде заң жобасы талқыланды

ашық дереккөзі

 width= 19 мамырда Парламент Мәжілісінің отырысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, экономикалық реформа және өңірлік даму Комитетінің мүшесі Әмірхан Рақымжанов «Аудандық, қалалық және ауылдық деңгейдегі биліктің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту жөніндегі заң жобасына түзетулер мен толықтырулар енгізу бойынша» заң жобасын таныстырды.  Аталған заң жобасы ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог Қазақстан тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру мақсатында әзірленген және жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару жүйесін дамытуға бағытталған. Заң жобасында бірқатар нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылған. Атап айтқанда аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің кіріс базасын кеңейту үшін салықтар мен төлемдердің қосымша төрт түрін беру көзделіп отыр. Бұл жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін нығайтуға және олардың дербестігін күшейтуге ықпал ететін болады. Сонымен қатар аудан бюджеті мен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемін өзгертуге жол бермеу ұсынылады.  Бұдан өзге: 

  • Облыс, республикалық маңызы бар қала және Астана мәслихатының тұрақты комиссияларын үнемі жұмыс істейтін төрағалар етіп әртүрлі саяси партиялардың мүшелері болып табылатын депутаттарды сайлауға;
  • Мәслихат депутаттары біліктілігін арттыру тәртібін регламенттеуге;
  • Жерлеу рәсімдерін ұйымдастыру туралы шарт-талаптарын сақтауын  бақылау;
  • Жер учаскелерін есепке алу және тіркеу бойынша құзіреттерді жергілікті атқарушы органдарға беруге бағытталған. 
Атап өтерлігі, бұл заң жобасы 2021 жылғы 3 ақпанда бірінші оқылымда мақұлданды.  Әмірхан Рақымжановтың сөзінше, жұмыс тобына 149 түзету келіп түскен. Олар мүдделі мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер мен сараптамалық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өткен жұмыс тобының он үш отырысында, Комитеттің кеңейтілген отырысында талқыланды. Парламент мәжілісінің барлық комитеттері осы заң жобасы бойынша оң қортындыларын берді. Қорытынды салыстырма кестеде қабылданған 103 позициядан тұрады. Жоғарыда айтылғандардың негізінде Әмірхан Рақымжанов экономикалық реформа және өңірлік даму Комитеті осы заң жобасын тұтастай мақұлдауды және оны Парламент Сенатына жолдауды сұрайтынын алға тартты. 

Жүктелуде...