Республикалық автожолдарда көлік қозғалысы қалпына келтірілді

13 қазан күні кейбір республикалық маңызы бар автожолдар ашылды деп хабарлайды, –newsroom.kz

Ашық интернет ресурсынан

"ҚазАвтоЖол" АҚ берген ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта келесі республикалық автожолдарда көлік қозғалысы қалпына келтірілді:

1. Қарағанды облысы

«Екатеринбург - Алматы» тасжолының 1353-1426 шақырымы: Ақмола облысының шекарасы мен Теміртау арасындағы учаске.

«Қызылорда - Павлодар» тасжолының 967-1135 шақырымы: Қарағанды қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейінгі аралық.

«Қарағанды - Аягөз - Боғаз» тасжолының 17-217 шақырымы: Қарағанды мен Қарқаралы қалаларының арасы.

2. Ақмола облысы

«Екатеринбург - Алматы» тасжолының 1292-1353 шақырымы: Жібек жолы бекеті мен Қарағанды облысының шекарасына дейінгі аралық.

3. Павлодар облысы

«Қызылорда - Павлодар» тасжолының 1135-1206 шақырымы: Қарағанды облысының шекарасы мен Шидері ауылының арасы.

Сапарлар кезінде сақтық шараларын қадағалап, жол қозғалысы туралы жаңалықтарды назарда ұстауыңызды сұраймыз.

Жүктелуде...