Алматы облысында 61 жастағы көлік жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан адаммен жанжалдасып, ауыр қылмысқа барды. Ашуға мінген ер адам жаяу жүргіншіні әдейі көлікпен басып өлтірді, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Осы фактіге қатысты қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-тармағы (адам өлтiру, басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Көлік тәркіленіп, тиісті сараптамалар белгіленді."Күдікті бірден ұсталды. Ол 61 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Рөлге мас күйінде отырған. Қазіргі кезде қамауға алынды" – дейді полицейлер.