Алматыда асфальт опырылып түсті

Алматыда асфальт опырылып түсті

ашық дереккөзі

 width= Алматының Төле Би көшесінде асфальт опырылып, жолда үлкен шұңқыр пайда болды. Қалалық әкімдік бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді. «Төле би - Өтеген батыр көшелерінің қиылысында асфальт опырылып, үлкен шұңқыр пайда болды. Қазір «Алматы Су» компаниясы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Содан кейін асфальт төселеді», - деп хабарлады Алматы қаласының Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасынан. Өз кезегінде «Алматы Су» кәсіпорны асфальт кешке дейін қалпына келтірілетінін атап өтті. «Бүгін кешкі сағат 22-ге қарай Төле би мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысындағы жол қалпына келтіріледі. Алдын ала зерттеу деректері бойынша диаметрі 2 метрге жуық шұңқыр көше қиылысының астынан өтетін қалалық коллекторлық секция D -1000 мм еден плитасының бұзылуына байланысты пайда болды «, - деп толықтырды «Алматы Су» ММ.  

Жүктелуде...