Браконьерлер бір жарым тоннаға жуық балықты заңсыз аулаған

Браконьерлер бір жарым тоннаға жуық балықты заңсыз аулаған

ашық дереккөзі

 width= ШҚО-да бір жарым тоннаға жуық балықты заңсыз аулаған. Бұл туралы Newsroom.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Шығыс Қазақстан облысының аумағында 16 сәуірден бастап «Нерест-2021» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Ертіс өзенінің акваториясы бойынша Өскемен қ.-Глубокое к. - Донское а. - Барашки а. - Зевакино а. - Шүлбі су қоймасы бағыты бойынша «Марс-700» кемесімен рейд жүруде.

- Рейд жүргізу барысында жүзу құралдары, заңсыз балық аулау, аң аулау үшін оларды пайдалану мен анықтау мақсатында, құқық бұзушылық жасауға қатысу нысанына тексерілді. Іс-шараны өткізу барысында 4 мамыр күні түнгі уақытта Қарсақбай ауылы маңында Зайсан көлінің жағасында Ақмектеп ауылының 33 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол жүрген резеңке қайықта тиісті құжаттары жоқ 5 қап түрлі балық болған. Тәртіп сақшылары 51 кг көксерке, 4 кг шортан, 64 кг табан және 17 кг алабұға балықтарын тәркіледі. Жалпы сомасы 300 000 теңгені құрады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 335 - бабы 3-бөлігі 3-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері барлығы 239 осындай рейд жүргізілді, оның барысында 235 құқық бұзушылық анықталып, 1400 келіден астам балық тәркіленді, келтірілген залалдың жалпы сомасы 1 700 000 теңгені құраған.

Жүктелуде...