Astana LRT ісі бойынша айыпталушылар он бір жылға дейін сотталуы мүмкін

Astana LRT ісі бойынша айыпталушылар он бір жылға дейін сотталуы мүмкін

ашық дереккөзі

 width= Елордада Астана ЛРТ ісі бойынша сот отырысы бүгін қайта жалғасты. Прокурор айыпталушыларды 7-ден 11 жылға дейінгі аралықта бас бостандығынан айыруды сұрады. Айта кетейік, құрылыс кезінде 6 миллиард теңгеге жуық қаражатты жымқырды деген айып 7 адамға тағылып отыр. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы Рашид Аманжолов, «Астана инновейшнс» акционерлік қоғамының бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Әшім 11 жылға сотталуы мүмкін. Ал өзге айыпталушыларға 7,8 және 9 жыл мөлшерінде жаза кесілуі ықтимал. Айта кетейік, айып тағылған 7 адамнан бөлек тағы екі күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды. Олар Астана ЛРТ компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан және елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков.

Жүктелуде...