Нұр-Сұлтанның «киллер» көшелері 

Нұр-Сұлтанның «киллер» көшелері 

ашық дереккөзі

 width= Бұл астана, бас қала! Бірақ жолдары масқара. Тіпті, атынан ат үркетін Есілдің сол жағалауында да сау көше санаулы. Елордада жаяу да, көлікпен жүруде қорқынышты қазір. Нұр-сұлтан қаласы 4 ауданға бөлінген. Сарыарқа, Алматы, Есіл, Байқоңыр. Бірақ жол салатын, асфальт төсейтін, миллиардтарға құныққан мердігерлер қорықпайды ешкімнен. Астананың қай жеріне барсаңызда тұрғындардың айтатыны  бір мәселе. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Өлмесхан МӘТЕН  Қоғам қайраткері Бүкіл ел елордаға қарап көз тігеді, бой түзейді. Құрылысшыларда үлгі алады. Нұр-сұлтанның шеті емес, ортасы, Мәңгілік елдің  бас даңғылдың жанында, Бөкейхан мен Орынбор көшесінің қиылысы. Тротуармен келдік. Қараңызшы. Мына жерге төсемеген. Ойықтарды қара. Бері қарай бұрылғанда қара жол. Мұның ақшасы игерілді. -Қабылдаған актісі қайда».
Күнде кешкісін серуенге шыққанда көретін көрініс әбден қынжылтыпты кейіпкерімізді. Қызылорданы қимай, астананы арман қала деп көшкен Өлмесхан аға бір өкініш, бір өтініш айтты бізге. Көшелерді аббаттандыру туралы ереже бойынша 326 бұйрық бар екен. Алайда, қазір қалалық мәслихаттың шешімімен ол бұйрықтың күші жойылған.
Руслан САРДАРОВ  Есіл ауданы инфрақұрылым бөлімінің бас маманы Заң бойынша алып тастаған. Бірақ қазған компания сол жерді қайтадан қалпына келтіруі керек. Су құбырын, жылу құбырын. Асфальт төсегендер жасамайды».  
 Қалпына келтіру мен сапалы жұмыс, екеуі екі бөлек. Иә, бетіндегі өрнек тастарын жауып кетеді. Бірақ...... Ал ақтөбелік шенеуніктер Нұр сөзін әбден қор қылды.  Жаңа шағын ауданға нұрланып тұрсын деп «Нұр-Ақтөбе-3» деген атау қойған жергілікті билік жерге қарады жуырда. Себебі, жер опырылды. Міне, осы жерге келгенде басып қалған кезде, опырылып кетті. - Тегіс па еді? - Тегіс асфальт, трещина да болмаған. Сағат сегіздер, қараңғы да емес ол кезде, байқамай қалдық дейтін. Етпетімнен құладым. Жарақат алып, миы шайқалған Артурдың қолындағы  қымбат телефоны да бүлінген. Түнде жүру тіпті қауіпті дейді қалада.
Айгүл БӘЙМЕНОВА, қала әкімінің баспасөз хатшысы «Прогресс» ЖШС 2018 жылы сол жерде жұмысты бастаған. Өтпелі нысан, переходящй. Биыл ол жұмыстар қайтадан жалғасады. Дәл сол видеода көрсетілген жерде кәріз құбырлары жаңадан салынған, содан түсіп кетіп тұр жол бөлігі».
Мені құртқан көк шолақ дегендей. Бәрін құртқан кәріз құдығы екен. Әйтпесе, жолдың сапасында мін жоқ екен-мыс. Теріскей бетте де тротуар опырылып, жаяу адам құлады ішіне. Абырой болғанда дін аман. Павлодардағы оқиғаға да жер астында тыныш жатпайтын жылу құбыры кінәлі. Әкімдерін ханның қызына теңейтін қызылордалықтардың да өкпесі қарақазандай жергілікті билікке. Көшелері келісіп тұрған жоқ. Опырылып құлаған асфальттың арасына адам емес, тіпті машинада түсіп кетті астанада. Бәріне кінәлі жолды салған компания. Ал мердігерден  мін жоқ деп  қабылдап алған әкімдік міндеті қандай? Елорда көшелеріндегі кедір-бұдыр, ойлы-қырлы асфальттардан айналып жүргенде токқа түсуіңізде мүмкін. 10 мамыр күні таңда болған көрініс. Елең алаң  шақта жаңбырдан кейін ашық-шашық жатқан электр желісі тұйықталып, абырой болғанда тұрғындар дер кезінде хабарлаған. АРТУР МАҒЗОМОВ: «Мен әрі журналист ретінде, әрі осы ауданның тұрғыны ретінде мені алаңдатады. Кешке балаларыммен серуенге шыққанда, демалудың орнына баламызды ұрып, ұрсып жүреміз. Жүгірме, түсіп кетпе деп, қай жерде қандай шұңқыр бар екенін білмейміз».  
Берік ТӨРЕБЕКОВ  Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Қазір аудан бойынша 22 мыңнан астам құдықтар бар. Қазіргі таңда балалар түсіп кетпес үшін торлар құрып жатырмыз. Коммуналдық мекемелер өздері кесте бойынша құруда. 9 мыңнан астам бар. ана тордың арасынан бала сыйып кетеді -жұмыс жүріп жатыр енд»і.
Жұмыс жүріп жатады. Бірақ қаншама бала құдыққа құлап,  құрбан болды. https://www.youtube.com/watch?v=SubbgQ0wpe8&list=PL_blKZJ1z0cBEU6-Gm9_kbbojSy0YzSfo&index=5

Жүктелуде...