Әлемнің ең сұлу аруы Палестинаны қолдайтынын жеткізді

Әлемнің ең сұлу аруы Палестинаны қолдайтынын жеткізді

ашық дереккөзі

 width= Американдық модель Белла Хадид әлемнің ең сұлу аруы атанған болатын. Шыққан тегі палестиналық ару Израильмен болып жатқан екіжақты қақтығыста Палестинаны қолдайтынын жеткізіп, митингке қатысты. Митинг АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Израиль елшілігінің алдында өтті. Митинг туралы фото мен видеоны Белла Хадидтің инстаграмдағы парақшасынан көруге болады. Белла митингке қатысушылармен бірге Палестина туын көтеріп өтті. Ол арабтың ұлттық киімін де киіп шыққан. Модельдің мұсылмандарды ашық қолдағаны көпшіліктің көңілінен шыға қойған жоқ. Оған қарсы жауап жазып, пікір білдіргендер болды.

"Мен Палестина үшін және палестиналық аға-қарындастарым үшін қайғырып отырмын. Болып жатқан жағдайды видеодан көріп жүрегім жүзге бөлінді",- дейді модель өзінің инстаграм желісінен өшіріп тастаған видеосында.

Жүктелуде...