Жүрегі оң жақ кеудесінде орналасқан 4 жасар қыз

Жүрегі оң жақ кеудесінде орналасқан 4 жасар қыз

ашық дереккөзі

 width= Ақтаулық 4 жасар Ағлестің жүрегі оң жақ кеудесінде, ал бүйрегі сол жақ бүйірінде орналасқан. Десе де, ішкі ағзасы керісінше жаратылған бүлдіршін өзін өте жақсы сезінеді. Мінезі ашық, пысық, қимылы шапшаң, әрі кез-келген адаммен емен жарқын ашық сөйлеседі. Кішкене қыз жұдырықтай жүрегінің оң жақ тұсында орналасқанын да жақсы біледі екен.  Өйткені, анасы үнемі айтып отыратын көрінеді.  Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. «Ағлес снің жүрегің қайда орналасқан? Оң жағымда. Кім айтты оны саған.? Бәрі айтты, мамам, апам». Ағлес өте сезімтал қыз. Ойы жүйрік, айтқан нәрсеңді тез жаттап, лезде  қағып алады. Өлең оқуда елгезектігі бірден байқалады. Ал есептерді шығаруға келгенде қамшы салдырмайды екен. Ата-анасы, бауыр етінің ерекше қасиетін бөбекжайға барғанда-ақ байқапты. Ал, көз қуанышының алақандай жүрегі оң жақ кеудесінде орналасқанын  перзетханада білген. Әуелі естігінде таңқалыпты. Қобалжу, қорқу, толқу болған.  Тіпті, жақындарының  күмәнмен қарағанын да жасырмады.

Ұлжан АҚЖАРОВА, анасы Басында жақсы қабылдаған жоқ. Кішкене балаға мүсіркеп қарап, аяп деген сияқты. Кейін барлығы жақсы екенін білгеннен кейін олар да үйреніп кетті. Ал оған дейін, әрине, болды. Қорқып, қаратамыз деп. Астана қаласына дейін барып, тексеруден өтіп келгенбіз. Өйткені бір жасқа дейін көп ауырды. Қазір бәрі ұмытылды».
Иә, қазір күмән бұлты сейілген. Десе де,  әр 3 ай сайын жүрегі мен бүйрегін медициналық тексеруден өткізіп тұратын көрінеді. Дәрігерлер де уайымдауға еш негіз жоқ деп отыр. Жүректің оң жақта орналасуы бұл туабітті жаратылыс. Сирек кездесетін құбылыс. Сол себепті қауіптенудің қажеті жоқ.
  Серік  ҚАСЫМ, жекеменшік емхананың бас дәрігері Мысалы, зеркальный орналасуы кейде болады органның ысырылуына байланысты. Ол туылғаннан кейін керісінше өседі. Және ол қауіп төндіруі мүмкін . Ал қазіргі  уақытта бұл балада ондай қауіптілік жоқ. Яғни, ешқандай орган ысырылып жатқан жоқ. Ол өзі солай бітіскен».
Жас ананың  айтуынша, мұндай ерекше жағдай тұқымында алғаш рет кездесіп отыр.  Жүрегі мейлі оң жағында немесе сол жағында орналассын, ең бастысы қызым аман-сау, бақытты болсын дейді. https://youtu.be/jgfU_EbRsEc

Жүктелуде...