Сауд Арабиясында COVID-19-ға қарсы вакцина алмағандарға жұмысқа шығуға тыйым салынады

Сауд Арабиясында COVID-19-ға қарсы вакцина алмағандарға жұмысқа шығуға тыйым салынады

ашық дереккөзі

 width= Сауд Арабиясында әр адам жұмыс орнына баруы үшін коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алған болуы міндетті. Бұл туралы осы елдің Кадрлар және әлеуметтік даму министрлігінің ресми сайтында айтылған. Вакцина алмаған адам өз жұмыс орнына жіберілмейді. Ел билігі жұмыс берушілерді вакциналау процесіне дайындауды тапсырды. «Қызметкерлер өз жұмыс орнына бара алуы үшін коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алған болуы міндетті. Бұл — мемлекеттік, жеке және коммерциялық емес ұйымдарға да ортақ талап» делінген хабарламада. Індет басталғалы Сауд Арабиясында 423 000 адамнан КВИ анықталды. 7000-нан астам адам бұл дерттен қаза тапты.

Жүктелуде...