Дәретханаларды жойсақ, педофилдер азая ма?

Дәретханаларды жойсақ, педофилдер азая ма?

ашық дереккөзі

 width= Еліміздегі мектептерде енді көше дәретханалары болмайды. Қазақстанның бас ұстазы мамыр айының соңына дейін бұл мәселеге нүкте қойылатынын айтты, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.  Асхат Аймағамбетовтің сөзінше, көшедегі санитариялық тораптар толық жұмысын тоқтатады. Орта білім ордаларындағы дәретхана мәселесі 2019 жылдың желтоқсанында Таразда педофил оқушыны зорлап кеткеннен кейін қолға алынған еді. Қаскүнем 12 жастағы қызға мектеп аумағындағы әжетханада қол жүгіртіп, арам пиғылын жүзеге асырған болатын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев болған жағдайды нағыз масқара деп атап, барлық мектепте 2020 жылдың соңына дейін оқушыларға қолайлы жағдай жасауды тапсырған болатын.

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР білім және ғылым министрі Біз барлық мектептегі жылы дәретханалар құрылысын бақылап отырмыз. Тіпті, арнайы портал да ашып қойдық. Өйткені, кейбір мердігерлер әжетхананы салуын салып, аяқсыз қалдырады. Әрі қарайғы қызметі тұралап қалатын әжетханалар да болмас үшін қатаң қадағалауды жөн көрдік. Білім ордалары басшыларына айтарым, 25 мамырға дейін ауладағы санитариялық тораптар жойылуы керек».

Жүктелуде...